«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы сіздерді оқуға шақырады!

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы

6В01401- Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау  білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды.

 Кафедрада білікті, ғылыми әлеуеті жоғары мамандар қызмет атқарады. Білікті мамандардың қызметтері нәтижесінде «Білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігінен» мамандандырылған арнайы аккредиттеуден сәтті өтті.

Болашақ білікті, білімді спорт мамандарын даярлау мақсатында кафедраның миссиясы мен мақсаты айқындалған.

Кафедраның миссиясы - білікті, кәсіби қызметіне адал, талапшаң, жеке бас өсіуне талпынған, тұтыну нарығына бейімделген, алғыр, ұтқыр мамандарды даярлау.

Кафедрада спорттық жетістіктерін жоғарылату үшін бірнеше спорттық үйірмелер: үстел тенисі, еркін күрес, баскетбол, волейбол, футбол, қазақша күрес, қол добы сияқты үйірмелері жұмыс істейді. «Сырдария» волейбол, баскетбол, футбол құрама командалары облыстық, аудандық  түрлі көлемдегі жарыстарда жүлделі орындарды жеңіп алуда.

Кафедрада арнайы «Кәсіби спортшы» үйірмесі жұмыс жасайды.

20 жылдан астам уақыт ішінде Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша 2350 ден астам түлектер бітіріп шықты. Оның ішінде 420 дан аса студент мемлекеттік грант негізінде білім алды. Қазіргі таңда түлектердің 10-ға жуығы жалпы орта мактептерде директорлық қызметте болса, 25-тен астамы мектеп директорларының орынбасары қызметтерін атқаруда. Басқа да бітіруші түлектеріміз спорт мектептері, аудандық спорт бөлімдері және жалпы орта мектептерінде жаттықтырушы, мұғалім қызметтерін атқаруда.

Шәкірттеріміз Мамедов Мамед Сұлтаноглы волейболдан облысымыздың «Динамо Қазығұрт» командасының шабуылшысы, республикамыздың 5 дүркін жеңімпазы, Мақтарал ауданының ішкі істер қызметкері Асабаев Еламан Әбдімомынұлы волейболдан ауданымыздың және облысымыздың бірнеше дүркін жеңімпазы, Болысбек Мейірбек пен Айтуғанов Шынболат ҚР көкпар спорты бойынша 2 дүркін жеңімпазы, спорт шеберлері.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/355944289134886/

https://www.instagram.com/p/CDsvKIqhyZh/

https://youtu.be/OHno1RZWt-A