"Семиотика мәдениеті" ашық сабақ
- 1 view
«Тарих және география» кафедрасы т.ғ.м., аға оқытушы Жүзжасарова Ақмарал Аймаханбетқызы "Семиотика мәдениеті" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
"Семиотика мәдениеті" тақырыбында өткен практикалық ашық сабақ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұны терең әрі қызықты болды. Ұстаз сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыра білді. Теория мен практиканы ұштастырып, семиотиканың негізгі ұғымдарын мәдени контексте түсіндіруі – сабақты ерекшелендіріп тұрды.
Білім алушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ашық айтып, түрлі белгілер мен рәміздердің мағынасына терең талдау жасауы – ұстаз еңбегінің жемісі деп білеміз. Сонымен қатар, визуалды материалдар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, сыни ойлау қабілеті дамыды.
Ашық сабаққа кафедраның ғылым магистрі, аға оқытушылар Азизбекова Айжамал Сұлтанбековна, Дүйсенбек Салтанат Жаңабергенқызы, Момынқұл Нұрай Маратқызы қатысты. «Семиотика мәдениеті» дәрісі барысында оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, плакат, презентация, картамен, ноутбук, интерактивті тақтамен жұмыс жасалды. Дәріске білім алушылар белсене қатысып қызығушылығын оятып, түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана білген Жүзжасарова Ақмарал Аймаханбетқызы дәрісті жоғары деңгейде өткізді.
Жалпы алғанда Жүзжасарова Ақмарал Аймаханбетқызының бұл ашық сабағы – оқытудың тиімді әдістері мен мәдениеттанулық білімнің үйлесімді түрде кіріктірілген тамаша үлгісі болды. Ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне тәнті болдық. Осындай сабақтар білім сапасын арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз. Ұстазымызға алдағы уақытта тек ізденістер, биік белестер тілейміз!