КҮШТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
- 1 view
19.03.2025 ж. "Дене шынықтыру және спорт" факультетінің, "Дене шынықтыру" кафедрасында аға оқытушы Касымбеков Болысбек Бердибекович жетекшілігімен Дене шынықтыру пәнінен 1 курс 6В01707-Шет тілдері, 6В01703-Екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау, 6В01704 – Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау, 6В01703-Орыс тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Күшті дамытуға арналған жаттығулар» тақырыбында ашық сабағы болып өтті.
Сабақтың мақсаты - адам ағзасындағы бұлшықеттердің күшін арттыруға арналған жаттығуларды игеру. Бұлшықет массасын көбейту, физикалық дайындықты жақсарту және денсаулықты нығайту. Күшті дамыту арқылы дененің жалпы жұмыс қабілетін жоғарылату.
Міндеттері: құрылымдық жаттығуларды түсіну: күшті дамытуға арналған жаттығулардың түрлері мен әдістерін меңгеру (салмақ көтеру, дене салмағы арқылы жаттығулар және т.б.); физикалық дамуды бақылау; денсаулық пен қауіпсіздік шараларын сақтау; тұрақты жаттығу нәтижелерін бақылау.