IELTS, TOEFL, DUOLINGО, CEFR сертификаттары бойынша ақпарат!

Құрметті болашақ магистранттар!

Сіз КТ-ға өтініш берген кезде Ielts, Toefl, Duolingо, Cefr сертификаттары бар екенін көрсеткен едіңіз, БІРАҚ ағылшын тілін тапсырады деп жазылып тұрғанын көріп көптеген сұрақтар туындаған болар...

УАЙЫМДАМАҢЫЗДАР. Сіздер сертификаттарыңызды тестілеуден өткен соң грант конкурсына өтініш берген кезде тапсыратын боласыздар, ал КТ кезінде ағылшын тіліне жауап бермесеңіз болады.

Шектік балдар келесі көрсеткіштерден КЕМ БОЛМАУЫ шарт екенін естеріңізге саламыз:

  • Ielts – 6,0;
  • Toefl – 543 (ITP), 60 (IBT), 498 (PBT);
  • Duolingо – 95;
  • Cefr – B2.

Көрсетілген сертификаттардың біреуі бар болған жағдайда 50 балл саналатын болады.

Магистратураға түсушілерден ГРАНТ КОНКУРСЫНА құжаттарды қабылдау 25 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өткізіледі. Құжаттар онлайн түрде ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы жүргізілетін болады (☝️бұл жөнінде толық ақпарат 25 тамызға қарай жарияланатын болады).

Кешенді тестілеуге барлығы 3 сағат 55 минут беріледі.

Толық ақпарат төмендегі телеграм арнада

https://t.me/joinchat/AAAAAE8j839GId4ITLkPxA