«Түрлі түсті сезім» тақырыбындағы психологиялық тренинг
- 1 view
2024 жылғы 18 қыркүйек күні «Дизайн» кафедрасының 1курс 6В02101-Дизайн және 6В02111-Сән индустриясы БББ студенттеріне арнайы ұйымдастырған «Түрлі түсті сезім» тақырыбындағы психологиялық тренинг Қазыбек би көшесінде орналасқан Пушкин атындағы кітапхананың ауласында өтті. Өнертанушы, доктор PhD, аға оқытушы Есенова Ханзада Азимхановнаның ұйымдастыруымен өткізілген тренингке ПиК-24-14к, ПиК-24-17к топтарының студенттері және кафедра аға оқытушысы Б.Ф.Рахимовтың қатысуымен өткізілді. Тренинг өте жоғары деңгейде көрініс тапты. Студенттер музыкамен алғашқыда қара түсті қылқаламмен өз бойындағы сезімдерін қағаз бетіне түсіру тапсырмасын орындап, екінші тапсырмада өз таңдауымен таңдалған екі түстен тұратын қылқаламдарды қолдана отырып қазақы нақыштағы әуенмен тапсырмаларын жалғастырды. Тренингтің ең қызықты сәті, студенттердің салған суреттеріне Ханзада Азимхановна жеке-жеке тоқталып түстің және де сызылған әрбір сызықтың адам баласының өмірінде ерекше орын алатынын, ерекше мән беру керектігі жөнінде мәліметтер берді. Психологиялық тренинг позитивті, өте қызықты, тартысты, нәтижелі болды. Ханзада Азимхановнаға алғысымызды айтып, жұмысына шығармашылық табыстар тілейміз!!!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет