«Композиция» пәнінен ашық практикалық сабақ

2024 жылдың 12 қарашасында «Дизайн» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Калабаева Кызбала Райымбекқызы 6В01403 «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау» БББ бойынша, ПиК-22-16к тобының 3 курс студенттеріне арналған «Композиция» пәнінен ашық практикалық сабақ өткізді. Ашық практикалық сабақтың тақырыбы «Костюмнің сызықтық құрамын ою-өрнекпен және текстурамен толықтыру, композициялық орталықты анықтау» пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келеді.(силлабус) «Костюмнің сызықтық құрамын ою-өрнекпен және текстурамен толықтыру, композициялық орталықты анықтау» мұғалім студенттерге практикалық сабақтың жоспары мен мақсатын түсіндіріп, тақырыпты көрнекі материалдар арқылы ашты. Сабаққа кафедра меңгерушісі және кафедра оқытушылары қатысты. Ашық практикалық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылған, барлық материалдар инновациялық әдістемені қолдана отырып, қолжетімді тілде баяндалған. Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысты және оқытушының студенттер мен байланысы сезілді. Сабақ барысында студенттердің шығармашылық шабытының оянғаны байқалды.

Оқиға категориялары