Ғылыми кеңес мәжілі

Tashenev University биылғы жылдың алғашқы Ғылыми кеңес мәжілісін өткізді.
Кеңестің күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды. 
Өткен жылдағы Ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебі мен алдағы стратегиялық міндеттері туралы Ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі проректор - Арзымбетова Шолпан Жақсылыққызы баяндаса, Қысқы емтихан сессиясының қорытындысы мен білім берудің сапасын арттыру жолдарын Тіркеу және студенттік кеңсе бөлімінің басшысы, ғылым магистрі - Жунисова Ақнұр Атымтайқызы мен Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы, PhD доктор - Абдуллаева Жазира Дайрабайқызы ұсынды. 
Сондай-ақ, комиссия төрайымы, Стратегиялық жоспарлау, мониторинг және сапаны басқару бөлімінің басшысы, заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы -Сүттібаева Әдемі Амангелдіқызының баяндамасымен «Спорт және дене шынықтыру» факультетінің стратегиялық даму жоспарының орындалу барысы талқыланды.
Мәжіліс соңында Ғалым хатшы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымд. проф (доцент) . м.а. - Абенова Ләззат Усманқызы Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне профессор ғылыми атағына үміткерді ұсыну туралы мәселесін баяндап, Кеңесті қорытындылады.
 

Оқиға категориялары