"Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ұлы ағартушы - ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2021 жылдың 30сәуір күні «Сырдария» университетінде Ұлы ағартушы - ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғалым хатшысы, PhD доктор Чокушева Әлия Иағалиқызы алғы сөз сөйледі. Аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы Ыбырай Алтынсарин барлық сан қырлы қоғамдық қайраткерлік және шығармашылық іс-әрекетімен, қазақ халқының әлемдік өркениетті елдердің мәдениетімен танысуға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға шақырғанын айта отырып, университет ұжымына алғыс білдірді. 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен де құттықтап өтті. 
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, ҒЗЖ мен СҒЗЖ жөніндегі бөлім басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Бегалиева Рауан Нармаханқызы да Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған конференцияны жоғары деңгейде бағалап, өзінің келелі ой пікірімен бөлісіп университет ұжымына сәттілік тіледі. 
Конференцияның ғылыми әлеуетін көрсетіп, өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен ат салысқан еліміздің іргелі ЖОО-нан бірқатар ғалым- профессорлар мазмұнды баяндамаларын жасады. 
Атап айтқанда:
Сатыбалдиев Ораз Сатыбалдиевич - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы;
Набуова Роза Абдрахманқызы - Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты;
Уайдуллақызы Эльмира - Дүниежүзі Қазақ жас ғалымдар Платформасының төрайымы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессор м.а., PhD доктор;
Ахметова Гульнара Батырбековна - «Сырдария» университетінің доценті педагогика ғылымдарының докторы;

Конференция соңында ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, қауымдастырылған профессор м.а., философия докторы (PhD) Абдуразова Перизат Әділбекқызы «Ағартушының туған мекені мен мәңгілік тыныс тапқан жері «Қазақстанның киелі орындары» тізіміне енгізілгендігін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұстаздың кесенесі қайта жаңғыртылғанын және ел президенті Қасым-Жомарт кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайтын кафедраға оқушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға көңіл бөлу керектігін айттын. Сондай-ақ Ы. Алтынсаринніңшығармаларын білім алушылар мен педагогтардың арасында кеңінен оқуды насихаттауға, Қазақстан қоғамының рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін дамытуға, қазіргі білім мен ғылым саласының даму үдерісін кеңінен ашып қарастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. 
Конференция жұмысы онлайн-форматта 3 секция бойынша өткізілді:
 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы және қызметі
 Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының сабақтастығы
 Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы (Бір ел - бір кітап)
Конференцияның қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.
Барлық конференцияға қатысушыларға, секциялардың нәтижелі жұмысы үшін модераторларға, спикерлер және жоғары деңгейлі кадрлар даярлауда, ғылыми-зерттеу жұмысында аянбай еңбек етіп жүрген профессор-оқытушыларға және конференцияның ұйымдастырушысы болған «Білім беру технологиялары» кафедра ұжымына және кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Кокумбаева Торғай Игенқызына алғыс білдірді. 
 

Оқиға категориялары