Әуезовтің әдеби әлемі
- 1 view
Қазақ әдебиетінің біртуар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай 2017 жылдың 28-қыркүйегінде кітапхана бөлімі және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессор-оқытушылары, мамандық студенттерінің ұйымдастыруымен «Әуезовтің әдеби әлемі» атты әдеби-танымдық кеш өтті. «Қазақстан» студенттер сарайында кемеңгер жазушының әдеби әлеміне саяхат жасалды.
Әдеби кеш Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, студенттер Мұхтар Әуезовтің шығармашылық даму жолындағы шеберлігін сахна төрінде орындады. Жаңа үлгіде ұйымдастырылған кеш кемеңгердің алғашқы туындысы «Адамдық негізі – әйел» атты мақаласынан үзінді оқумен басталды.
«Қорғансыздың күні» әңгімесі, «Қилы заман», «Еңлік-Кебек» пьессасынан көріністер сахналанып, «Абай жолы» романынан үзінділер оқылды.
«Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы» фильмдерінің үзінділерінен тұратын бейнеслайд көрсетілді. Көрермен жазушының өмір жолынан дерек келтіретін материалдармен танысып, өз дауысын тыңдады. «Абай жолы» романындағы Дәрмен бейнесі арқылы Абай сепкен дән өсіп-өніп келе жатқанын, сол дәннің өздері екенін жеткізе білді.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша фольклорлық іс-тәжірибені Семейде өткізгенін және сол тәжірибе барысында атқарылған жұмыстарын бейнебаянмен таныстырды. Тәжірибеден өткен студенттер сондай мүмкіндік жасаған университет басшылығына өз алғыстарын білдірді.
Әдеби кеш соңында ф.ғ.к., доцент Л.У. Әбенова сөз сөйлеп, жастардың әдеби-танымдық талпыныстарына баға берді. Студенттерге университет басшылығы тарапынан Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы топтастырылған кітаптар таратылды. Ұйымдастырылған әдеби кеш жастардың шығармашылық талабына терең ықпал етеді деп сенеміз.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет