Пікірсайы өтті

Бұл үй, спортта допинг қолдануды ақтайды тақырыбында кезекті студенттік пікірсайыс өтті. 

Пікірсайысқа іріктелген 2 команда қатысты. 

1-команда өз кейсін сәтті құрды. Спикер спортшылардың дәрумен қабылдауына болатынын, оның пайдалы тұстарына назар аударды. Өз сөздерін аргументтермен толықтырып, негізгі ойын нақтылап көрсетті. 

2-ші команда керісінше қарсылас команданың барлық  аргументтерін құлатуға күш салып, бірқатар зиянды факттарды келтірді. Тіпті спорттағы бұл үрдіс  әділетсіз жеңістерге себеп болатынын мысалға келтірді. Қарсы тарапқа лайықты жауап қайтара алды. 

Екі команданың пікірлерін тыңдағаннан кейін, сөз сарапшыға берілді. Сарапшы командалардың ойынын, дайындықтарын жоғары бағалап, бірқатар сәттерге тоқталды. 

Пікірсайыс соңында қатысушылармен көрермендердің дауыс беруі нәтижесінде Оң тарап жеңіске жетті. 

Бүгінгі пікірсайысқа қатысушы білім алушылар спорт саласына қатысты маңызды деректерді бағалап, тың ақпараттарды ала алды.
 

Теги: