Баспасөз конференция

2021 жылдың 18 ақпан күні «Сырдария» университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ерекшеліктері» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді.
Мақсаты - университет профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін және білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі туралы ақпараттандыру.
Іс-шараға Жетісай аудандық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Мутаев Н.С., "Экономика және заңтану" факультетінің деканы, з.ғ.к. Ынтымақов С.А, «Құқық және экономика» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д. Жандарбек Б.А., «Құқық және экономика» кафедрасының аға оқытушысы, ғ.м. Ихласова М.Ж. қатысты.
«Құқық және экономика» кафедрасының аға оқытушысы, ғ.м. Ихласова М.Ж. өз баяндамасында сыбайлас жемқорлықтың түрлерін атады. Мысал ретінде дамыған елдердегі қабылданған шараларға тоқталды. Ең бастысы ғасыр індеті елдегі байлықтың азаюына септігін тигізетіндігін айтты.
«Құқық және экономика» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д. Жандарбек Б.А. сыбайлас жемқорлықпен күресудегі заңдық құрылымның маңызына тоқталып, оны жоюдың тиіміді тәсілдерін ұсынды.
"Экономика және заңтану" факультетінің деканы з.ғ.к., Ынтымақов С.А. сыбайлас жемқорлық оның ішінде кездесу фактілерін атап, оларды әділ тексеру, бағалау жөніндегі ойымен бөлісті.
Жетісай аудандық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің басшысы Мутаев Н.С. аудандағы ахуалға баса назар аударды. Тәрбие мен отбасының
сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңыздылығына тоқталып, жастарды бірге күресуге шақырды.
Конференция барысында оқытушы-профессор құрамы мен студенттері өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. «Сырдария» университетінің ғалым-хатшысы Л.У. Абенова жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қабылданатын негізгі бағыттар мен шаралар туралы айтты. Студенттерді адал болуға, қоғамда белсенді болып, сыбайлас жемқорлықпен күресте бірігуге шақырды.
 

Оқиға категориялары