ТОМИРИСТІКТЕР БҮГІН БАС ҚОСТЫ

Бастауыш білім және өнер факультетінде өткен «Томирис» қыздар клубының бүгінгі жиынында Қазақтың батыр қыздары тақырыбы кеңінен қозғалды. Онда аруларымыздың кешегі және бүгінгі болмысы мен тарихи әрекеті, ертеңгі болашағы талқыланды.

Іс-шараға университетіміздің әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректоры Ғалымжан Шәмшідінұлы Битұрсын мен Ғылым және зерттеу жұмыстары жөніндегі проректоры Шолпан Жақсылыққызы Арзымбетова және клуб мүшелері мен студент жастар қатысты.

Студенттер өте белсенді түрде атсалысып, пікір білдіріп, көрініс қойды.

Айта кетейік, «Томирис» қыздар клубы әр ай сайын түрлі тақырыпта кездесулер мен танымдық шаралар ұйымдастырып, қоғамдық пікір білдіреді.