АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ АЙҚЫНДЫҚ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Университетімізде ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы «ISO 37001:2016 халықаралық стандарты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі және комплаенс» тақырыбы бойынша семинар курсын бастады. Оған оқу ордамыздың басшылық құрамы, яғни ректор және барлық проректорлар, бөлім басшылары мен факультет декандары, кафедра меңгерушілері қатысуда. 
Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Сауле Рысбаева ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі және комплаенс жұмыстарына кеңінен тоқталып, ISO 37001:2016 халықаралық стандарты туралы, оны енгізуді жоспарлау мен сәйкестік саясатын әзірлеу айтылды.
Үш күнге жоспарланған семинарда филиал мамандары парасаттылық және этика негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық аспектілері бойынша талдау жүргізеді. 
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жолдары да қарастырылмақ. 
Айта кетейік, Tashenev University ұжымы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен ҚР білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 04 мамырдағы №174 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандартты негізге ала отырып өз жұмыстарын үйлестірп келеді. 
Мұнда Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін жою мақсатында ашықтық пен айқындық жүйесі жолға қойылған.