Жас талапкерлер назарына!
- 1 view
Білім беру грантына үміткер талапкерлердің кешенді тестілеуге қатысу өтініштері "Сырдария" университетінде 1-20 маусым аралығында қабылданады. Кешенді тестілеу 14-18 шілде аралығында өткізіледі.
Шығармашылық мамандықтарға оқуға түсетін азаматтарға шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан жері бойынша 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады. Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін оқуға түсушілерден өтініштер қабылдау және арнайы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусымнан – 14 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді қайта тапсыруға өтініштер 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданады. Тестілеу 15-19 тамыз аралығында өтеді.
Университет жанынан ашылған Жетісай көпсалалы колледжінің мамандықтарына жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау 1 маусым мен 20 тамыз аралығында жүргізіледі. Шығармашылық мамандықтарға құжаттар шілденің 30-на дейін қабылданады.
Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 11.
Байланыс телефоны 8 (72534) 6-15-52