Түркі тектес халықтарға ортақ халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

2021 жыл 9 маусым күні сағат 11:00-де ZOOM арқылы online формата Әжінияз атындағы Нөқіс мемлекеттік педагогикалық институты, «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы «Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында online форматта халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Конференцияға алыс, жақын шетелден келген (Түркия, Қазақстан, Өзбекстан) түркі тектес ғалымдар, магистранттар, студенттер қатысты. 
 Осы конференцияға арнайы шақыру алып, пленарлық мәжілісте «Сырдария» университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., филология ғылымдарының кандидаты Абенова Лаззат Усмановна «Абай шығармаларындағы әлем сыры» тақырыбында баяндама оқыды. Түркі тектес халықтардың тарихына, мәдениетіне, әдебиетіне қатысты ғылымда қыруар еңбектер жазылды. Қазақ халқының дарынды таланттары: ғалымдар мен сөз зергерлері әр қырынан оған өз үлесін қосты. Қазақтың шетсіз-шексіз кең жазира даласы соншалықты кең болса, түркі әлемін тануда, оның бір кемеңгер, дана тұлғасы ретінде Абай әлемінің сырын таныту тым тереңдікті, мейлінше кемелдікті қажет етеді. Абай әлемі жатқан бір тұтас дүние. Ол - әлем болмысын қамтиды. Сондықтан, Абай шығармаларынан бүкіл әлемнің сырын түсініп, керемет құпиясын көре аламыз.
Конференцияны Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Отемуратов Б.П. құттықтау сөзбен ашып, сәттілік тіледі. Пленарлық мәжілісте төмендегі баяндамалар тыңдалды: 
1.«Türkiye’de kazak türkçesinin ve edebiyatinin öğretimi üzerine» - Ercan ALKAYA, Mehtap ÖZTÜRK - филология ғылымдарының докторы, профессор. Түркия Республикасы Фират университеті, Социалдық білімдер факультеті, Заманагөй түркі тілдер және әдебиеттер бөлімі; 
2.«Абай шығармаларындағы әлем сыры» - Абенова Лаззат Усмановна - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Жетісай қаласы. «Сырдария» университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы; 
3.«М.Әуезов және түркі халықтарының әдебиеті» - Картаева Айжан Маратбековна - филология ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Абайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры; 
4.«Ежелгі грек поэзиясындағы думанды лирика» - Қобланов Жоламан Таубайұлы - филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан Республикасы; 
5. «Әдебий ҳәм типологиялық байланыслар мәселеси» - Бекбергенова Мария Досбергеновна. - Әжинияз атындағы НМПИ Қарақалпақ әдебияты кафедрасы доценти, филология илимлериниң кандидаты; 
6. «Эпос ҳәм эпикалық жанр типологиясы» - Бекбергенова М. Д. - Әжинияз атындағы НМПИ Қарақалпақ әдебияты кафедрасы доценти, филология илимлериниң кандидаты; 
7.«Туўысқан халыклар әдебиятында айтыслардың басып шығарылыўы ҳәм изертлениўи мәселелери» - Давлетов Б.А.- филология илимлериниң кандидаты, доцент. Әжинияз атындағы НМПИ, Түркий тиллер факультети деканы; 
8.«Қарақалпақстандағы қазақ тілінің зерттелу мәселесі» - Құттымұратова Ы. – филослфия докторы (PhD). Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы доценті; 
9.«Қарақалпақстандағы қазақ филологиясының зерттелу мәселері жайлы бірер сөз» - Торткүлбаева Т.А. Ержанова Н - ф.ғ.д,. (PhD). Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы; Қазақ тілі және әдебиеті 1-басқыш магистранты.
    Конференция туыстық, бауырмалдық, жақындық атмосферада өтті. Түркі халықтарының рухани ортақ құндылықтары туралы мәселе қозғалып, түркітану саласына жаңа бағыт, соны серпіліс тудырды. 
 

Оқиға категориялары