VІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Білім мен ғылымды дамытудағы жастардың рөлі» атты студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі VІІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылу салтанаты өтті. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізілген конференцияның салтанатты ашылуына Қазақстанның түкпір-түкпірінен қонақтарды жинады. Конференцияға қатысуға шақырылған ЖОО студентері мен Жас ғалымдары қазіргі Covid-19 пандемиясы жағдайында білім және ғылым саласын дамытудағы ең өзекті мәселелерге назар аударды. 

Олардың арасында:
Уайдуллақызы Эльмира - Дүниежүзі Қазақ жас ғалымдар платформасының төрайымы, қауымдастырылған профессор м.а., PhD доктор;
Абдраймова Мөлдір Рашидқызы - Қазақстан жас педагог-ғалымдары қауымдастығының төрайымы, қауымдастырылған профессор м.а., PhD доктор;
Мутаев Нұрлыбек Сағынбекович - Түркістан облысы Жетісай аудандық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы.
Небесаева Жанар Орынбекқызы - «Сырдария» университеті Жас ғалымдар Кеңесінің төрайымы, қауымдастырылған профессор м.а., PhD доктор; 
Тасболтаева Айдана Бауыржанқызы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс докторанты;
Икрамов Ильяс Ғалымбетұлы - М. Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 1-курс докторанты.

Конференция соңында ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қауымдастырылған профессор м.а. философия докторы (PhD) Абдуразова Перизат Әділбекқызы барлық конференцияға қатысушыларға, секциялардың нәтижелі жұмысы үшін модераторларға, спикерлер және жоғары деңгейлі кадрлар даярлауда,  ғылыми-зерттеу жұмысында аянбай еңбек етіп жүрген профессор-оқытушыларымызға алғыс білдірді. 

Конференция жұмысы онлайн-форматта 4 секция бойынша өткізілді:
- Секция 1. Өнер және гуманитарлық ғылымдар;
- Секция 2. Педагогикалық ғылымдар;
- Секция 3. Жаратылыстану ғылымдары;
- Секция 4. Бизнес, басқару және құқық.

Конференцияға 100-ден астам баяндама, оның ішінде Қазақстанның белгілі ЖОО студенттері мен Жас ғалымдарының  қатысуымен 17-ден астам баяндама ұсынылды және конференцияның резолюциясы қабылданды.
 

Оқиға категориялары