Педагогикалық іс-тәжірибе

Көктемгі академиялық жоспарға сәйкес, «Шетел тілдері»кафедрасының «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау», «Шетел: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау»білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері Түркістан облысының қала және ауылдық жалпы орта мектеріне жолдама алып, педагогикалық іс-тәжірибеден өтуде.

Студенттеріміз практика барысында білікті тәлімгерлерден сабақ беруде қолданатын түрлі әдістерді, интерактивті тақтамен жұмыс жасау, балалар мен қалай жұмыс жасау дағдыларын үйреніп, іс жүзінде жүзеге асыруда.

Кәсіби дағдыларын дамытудағы мектеп ұстаздарынан тәжірибе арттыру, студент білімін шыңдауда ықпалы зор.
Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда үлестерін қосып жатқан жалпы орта мектеп мекемелерінің ұстаздарына білім алушылар мен ұжым атынан алғысымызды білдіреміз.
 

Оқиға категориялары