ВАКЦИНАЛАР МЕН ИММУНДАУ: ВАКЦИНАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

7-қазан күні университетте аудандық орталық емханасының жұқпалы аурулар дәрігері Байзакова Калбике Мынбаевна білім алушылармен кездесті.

Кездесу тақырыбы:  "Вакциналар мен иммундау: вакцинация дегеніміз не?" 

Тәрбие  жұмыстары  және  әлеуметтік  мәселелер  жөніндегі проректор Сламбекова З.А. сөзінде университет қабырғасында да, бүкіл Қазақстан да ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, барлық білім алушылардың COVID-19 мәселесіне саналы түрде қарау қажеттілігін айтты.

Дәрігер Байзакова К.М. вакцинаның маңызды практикалық аспектілері туралы айтып, оның ерекше маңыздылығын атап өтті.  
  
Білім алушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.
 

Теги: