Сыйынар ем Ана деген тәңірге!

Бүгін университетімізде "Гуманитарлық білім" факультеті, "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен "Сыйынар ем Ана деген тәңірге" атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Мамандық студенттері белсене қатысқан меркелік шара барысында А.Асанова мен Н.Қалыбек "Сағындың ба?" әнін орындаса, Н.Аманулла "Байғұс бала", А.Қалдыбай "Анамыздың қалмасын көзі жылап", Р.Журабаева өз шығармашылығынан "Анашым" монологтарын нақышына келтіріп оқыды. Мерекелік кеште топтың студенттері әзіл-қалжыңға толы көріністер көрсетіп, заманауи билерімен кештің көркін келтірді.

Кеш соңында факультет деканы Н.Шегенбаев мамандық студенттеріне алғысын білдіріп, мерекелерімен құттықтады.

Оқиға категориялары