Олимпиада қатысушылар құттықтаймыз!
- 1 view
Сәуірдің 25, 26 күндері М.Әуезов атындағы ОҚУ «Бейнелеу өнері, технология және музыкалық білім» кафедрасының ұйымдастыруымен, ҚР Ғылым және Жоғары Білім министрлігі бекіткен іс-шаралар шеңберінде 6В01450-Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің «Кәсіптік білім берудегі интеграциялық процестер» тақырыбында болып өткен XVI Республикалық пәндік олимпиадасына Ж.А. Ташенев университетінің аталған мамандық студенттері қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленіп, 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. ПиК-20-16к тобының студенттері Мамрайм Дариға, Әбдікәрім Айшабибі, Асанова Гүлзира, Әуес Хадиша тест тапсырмаларын жақсы тапсырды, сәндік панно (фелтинг технологиясы, фетр және жүн материалдары) жасау технологиясы бойынша өздерінің практикалық білімдерін көрсетті. Сонымен қатар «Оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағдарланған тәсілді зерттеу» тақырыбында У.Ж. Конакбаеваның жетекшілігімен ғылыми жобаларын қорғады. Олимпиадаға қатысушы студенттер көп тәжірибе жинақтап, басқа жоғары оқу орындарынан келген студенттермен достасып, бір-бірінен тәжірибе жинақтады. Студенттерге өте қатты ұнады, осындай байқаулар мен конкурстарға жиі ұатысып тұрсақ деген ұсыныстарын да айтып өтті. Олимпиададан өте зор әсер алды.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет