Спорттағы жетістіктері

Мамыр айының 11-12 күндері аралығында Тәжікстан Республикасының Худжанд қаласында, каратэдодан ересектер арасында Азия ойындары болып өтті. Осы бір спорт додасында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан Республикаларынан жүздеген спортшылар бақ сынасты.

Аталмыш сынға Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университеттің “Спорт және дене шынықтыру” факультеті, Фк-23-1-к2 тобының студенті Сеидалы Сымбат Султанбекқызы 48 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Нәтижесінде қыран қанаты қалықтаған көк байрағымызды дүниеге дүбір салып, көкке желбіретіп, спорт бәсекесінің жеңімпазы атанды.
Жас спортшымызға толағай табыс, болашағына сәттілік тілейміз!!!