Үйірмелердің үйретері көп
- 1 view
Сілтеме: https://okg.kz/post?id=35999&slug=uiirmelerdin-uireteri-kop
Соңғы уақытта Ж. Тәшенев атындағы университтетінде студенттердің интеллектуалды тұрғыдан дамуына мүмкіндік беретін бірнеше үйірмелер ашылды. Орайы келгенде солардың жұмысына кеңірек тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз.
Айталық, бүгінде қоғамымызда психологтың көмегіне жүгінетіндер көп. Осыған қарап-ақ, психология ғылымының қаншалықты дами түскенін аңғаруға болады. Адам жанын түсінуге, емдеуге арналған ғылымды ғалымдар бірнеше деңгейге бөліп қарастырады екен. Соның бірі «Эмпатия» деп аталады. Ол латын тілінен аударғанда өзгенің жай-күйін ұғыну, сезіну дегенді білдіреді.
Университеттегі «Бастауыш білім және өнер» факультетінің «Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі» кафедрасы жанынан «Эмпатия» кеңес беруші – ресурстық қолдау орталығы ашылды. Салтанатты жиын студенттердің «Психологиялық ғажайыптар әлеміне саяхат» атты ертегі желісі бойынша қойған көрінісімен бастау алды. Жастар психология ғылымының қоғамның барлық саласында, тарқатып айтар болсақ, білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және тағы басқа да салаларда аса қажет екенін осы сахналық қойылым арқылы ұғындыруға тырысты. Ал, түйсік, қабылдау, мінез, ашу, ерік, жігер, эмоция, сөйлеу, ойлау және қуаныш сынды адамның ішкі жан-дүниесіндегі құбылыстарды шоу арқылы көрсетіп, шарада креативті ойлау деңгейлерінің де жоғары екенін аңғарта түсті.
Жалпы алғанда мұның уақыт сұранысындағы орталыққа айналарына сенім мол. Расында да қазір уақыт тіпті бөлек. Сондықтан, қиындықтан шығатын жолды нұсқай алатын кәсіби мамандарға, өз ісінің шеберлеріне жүгінген абзал. Аталмыш орталықтың бір мақсаты оқу орнының оқытушылары мен студенттеріне психологиялық тұрғыдан көмек беру болса, екіншісі – университет пен мектептер арасындағы байланысты нығайту.
Ал, «Табысты студент» үйірмесінің мақсаты -- студенттерді болашақта шебер ұстаз ғана емес, табысты кәсіпкерге айналдыру. Сондықтан, мұндағы қызметкерлер үйірмеге келушілерге мемлекет тарапынан жастарға көрсетілетін қолдаулар туралы ақпарат беріп, оларға кәсіп бастаудың қыр-сырын үйретеді.
«Томирис» қыздар клубы болашақ ұрпақ тәрбиешісі болатын қыздарға ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлер мен ырым-тыйымдар жайлы айтып, олардың маңызын түсіндіреді. Ал, «Өнерлі жас талантар», «ART-curse», «Сәнді киім», «Креативті дизайн», «Домбыра», «Хор» үйірмелері өнерлі студенттердің шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік береді.
Жалпы үйірменің жастарды мәдениетті, адами қасиеті мол, шығармашыл тұлға болып қалыптасуына тигізер пайдасы орасан зор. Сондықтан, алдағы уақытта олардың қатары әлі де толыға түсетін болады.
Конакбаева У.Ж., «Бастауыш білім және өнер»
факультетінің деканы, PhD,
қауымдастырылған профессор
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу