Зауреш Оралова: "Заман талабы – жаңа форматта білім беру"
- 1 view
Сілтеме: https://rgmedia.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9736
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қашықтықтан жүйелі білім беруге ерекше назар аудару қажеттігін атап өткені белгілі. Біз осы бағытта бағдарлы жұмыстар жүргізіп келе жатқан «Сырдария» университетінің атқарып жатқан шараларын білу мақсатында Оқу-әдістемелік басқарма басшысы, ғылым магистрі, аға оқытушы Зауреш Оралованы әңгімеге тартқан едік.
– Зауреш Мекенбайқызы, бүгінде білім саласының алдында жоғары оқу орындарын цифрлы университеттерге трансформациялау бойынша күрделі, маңызды да мазмұнды міндеттер тұрғаны белгілі. Сандық технологиялар дәуірінде әрі дәл қазіргі жағдайда жоғары оқу орындарының қашықтықтан дәріс беру жүйесіне көшуі – заман талабы болып отыр. Осы мәселе бойынша қандай шаралар атқарылуда?
- Жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру – әлемді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі екені шындық. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі жоғары оқу орындары қашықтықтан оқытуға дайын екендігін хабарлағаны баршамызға мәлім. Министр айтқандай, қашықтықтан оқытуға Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қауқары жетеді. Студенттерді қашықтықтан оқытуға техникалық мүмкіндік бар және интернеттің жылдамдығы да жеткілікті.
Биылғы 2020-2021 оқу жылының шектеу шаралары кезеңінде білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, «Сырдария» университетінің жұмысы қашықтықтан және аралас форматта жалғастырылды.
Қашықтықтан оқыту форматында «Сырдария» университетінің білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері және студенттердің білімін, біліктілігін бақылау уақыт талабымен білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарға сай ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, университеттің кітапхана қызметі қашықтықтан оқытуға бағытталып барлық қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттермен жабдықталған және қазіргі уақытта 349 062 бірлікті құрайды. Барлық сканерленген жаңа электронды оқулықтар, кітаптар мен оқулықтар университеттің электрондық ресурстар каталогына енгізілген және студенттер мен оқытушылар ҚБТ жағдайында белсенді қолдана алады.
Қашықтықтан оқытудағы негізгі онлайн форматтағы өтетін дәрістер оқытушылардың да, студенттердің де жауапкершілігін арттырып, білім беру талаптарын күшейтетіні сөзсіз. Шәкірттер қашықтықтан дәріс алу барысында бұдан бұрынғы кесте бойынша оқуды жалғастыра береді, айырмашылығы – сабақтар онлайн режимінде жүргізіледі.
– Қашықтықтан оқыту форматы жайлы толық мағлұмат алдық. Қазіргі таңда, қашықтықтан оқытумен бірге аралас оқыту форматы термині жиі қолданылуда. Осы жөнінде мәлімет бере кетсеңіз?
– Карантиндік кезеңдегі шектеу шараларына байланысты бірнеше аптадан бері «Сырдария» университеті жаңа білім беру – аралас форматында жұмысын жалғастыруда. Аралас оқыту жүйесіне көшу оқу үдерісіндегі оқыту қарқынын өзгертуге мүмкіндік берді, оның оқу форматы нәтижелі және мазмұнды.
Бүгінгі таңда, аралас оқыту - бұл күндізгі және қашықтықтан оқытудың артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи білім беру үрдістерінің бірі, мұнда басты назар өз бетінше жұмыс жасау, топтық жұмыс, өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға аударылады.
Бүкіл университеттің профессор-оқытушылар құрамы сабақтарды онлайн және оффлайн режимінде жауапкершілікпен өткізуде. Мұндай сабақтардың жоғары деңгейіне жоғары кәсіби шеберлік пен педагогикалық шеберлікті көрсеткен бүкіл оқытушылар құрамының білікті кәсіби-әдістемелік дайындығының арқасында қол жеткізілді.
Профессор-оқытушылардың ұсынылып жатқан оқу ақпараты мен тапсырмаларының алуан түрлілігі, көп деңгейлі мазмұны оқу үдерісінің өзгермелілігі принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, білім беру процесінің икемділігін қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде жеке тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасайды.
– Бұл технология білім алушыға оқуын білім ордасына келмей-ақ, алыстан жалғастыруға мүмкіндік береді. Солай емес пе? Сол мүмкіндікті жүзеге асыруда, сіздерде қандай оқыту платформалары қолданылады?
– Сіз дұрыс айттыңыз, «Сырдария» университетіндегі қашықтықтан оқыту технологиясы білім алушыға оқуын университетке келмей-ақ, алыстан жалғастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен, студент – қашықтықтан білім берудің негізгі буыны десек, мұндай аудиториялық кеңістіктен алшақ дәріс алудың психологиялық факторларын да ескерген жөн. Сандық оқыту кезінде студенттің мінез-құлқы өзгереді: студент прокторинг жүйесі арқылы онлайн емтихан тапсырады, әрине, бұл ретте академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру аса маңызды. Осылайша университеттің цифрлық мұрағаты да, студенттің сандық біліктілігі де қалыптасады. Университет қабырғасынан тыс жерде отырып-ақ, ол білім беру үрдісінің толық қатысушысы ретінде, арнайы бағдарламалардың көмегімен қашықтықтан дәріс ала алады.
2012 жылдан бастап оқу үрдісі кредиттік оқыту жүйесіне арналған "Platonus" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне көшірілді және қашықтықтан оқыту нысанына көшуде қиындықтар болған жоқ.
Профессор-оқытушылық құрам мен студенттер қашықтықтан оқыту жүйесін Platonus, Zoom, Webex Meetings және WhatsApp мессенджері платформалары арқылы жүзеге асырады. Университет білім алушыларының оқу, әдістемелік, ақпараттық, анықтамалық материалдар, өзіндік тапсырмалар орналастырылған білім беру порталына кіру үшін өздерінің есептік жазбалары болады. Профессор-оқытушылар еркін қол жетімді орналастырылған «Платонус» платформасындағы контентін толтырып, қашықтықтан оқытудың әзірленген алгоритмі бойынша аудио және бейне дәрістер дайындаған.
- Қашықтықтан оқыту – тікелей алғанда оқытушы мен студенттің арасындағы алшақ оқу формасы. Осы жағдайда оқытушы аудиториядан тыс сабақ өтуде мәртебесі төмендеп кетпей ме немесе қашықтықтан оқытуда оқытушының рөлі қандай деген сұрақ орынды ма?
- Қашықтықтан оқытудың тиімділігі оқытушы мен студенттің өзара іс-қимылына, қолданылатын педагогикалық технологияларына, дамыған оқыту құралдарындағы кері байланыстың тиімділігіне және оларды жеткізу әдістеріне байланысты.
Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі оқытушының дайындығы дәстүрліден мүлдем өзгеше. Қашықтықтан оқыту жүйесінде жұмыс жасайтын профессор-оқытушы шығармашылықпен айналысуы керек, яғни, шығармашылық өнімін құруды қамтамасыз ететін интегративті қабілеті болуы керек. Бұл қабілет адам бойындағы қасиеттердің ерекше тобының болуымен анықталады, шығармашылық қабілетін дамытуда өз рөлін анықтайды.
Қашықтықтан оқытуды дамыту бойынша оқытушының басты мақсаты - бұрын құрылған электрондық оқыту курстарын ақпараттық білім беру ортасының форматына аудару. Сонымен бірге, ол келесі тәрбиелік міндеттерді шешеді: оқыту мотивтерін ынталандыру; студенттерге білім беру мақсаттары мен міндеттерін қою; білімді берудің формалары, әдістері мен тәсілдерін таңдау; біліктер мен дағдыларды, құзыреттіліктерді қалыптастыру және дамыту, оқу үрдісін бақылаудың нысандары мен түрлерін жоспарлау.
Жалпы, бүгінгі күні қолда бар қашықтықтан оқыту жүйелері оқытушы мен студенттер арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік береді, әрі нақты дәріс беру үрдісін қамтамасыз етеді. Ал, сандық трансформация моделі Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары үшін эталондық модель бола алады.
-Мазмұнды сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Зәмзагүл Сламбекова.
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу