Балтабаева Гауһар Саядылқызы

Аты-жөні: Балтабаева Гауһар Саядылқызы 


Телефон: 8701 181 31 32


E-mail: info@sirdariya.kz
 

Білімі: Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты (1999 ж), 2010 жылы «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы (әңгіме мен повестер)» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.
1986-1991 жылдарда Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын, 2004-2007 ж.ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығын бітірген.
1994 жылы еңбек жолын орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2003жылдан қазірге дейін Қазақ Ұлттық қыздарпедагогикалық университеті, қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, профессор, қауымдастырылған профессор болып еңбек етті. 
Академиялық тәжірибе: 2004 жылы ҚР Білім және ғылым министрі Б.Әйтімованың және 2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының Ректорлар коллегиясы мүшелерінің қатысуымен шеберлік-сынып сабақтары өткізілді.
“Үздік оқытушы-2013ж” мемлекеттік грантының иегері, Қазақ Ұлттық Әдет ғүрып, салт-дәстүр академиясының” академигі, Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі.
Оқытылатын пәндер: «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті», «Қазақ әдебиетіндегі ұлттық идея», «Мәтінге теориялық талдау» пәндерінен филология факультетінің 3-4 курс студенттеріне сабақ береді.


Марапаттары: “Ы.Алтынсарин“ атындағы төс белгімен, алтын медаль-«За новаторскую работу в области вышегого образования»- (Ресей-РАЕ),
ОРДЕН АЛЕКСАНДРА ВЕЛИКОГО «ЗА НАУЧНЫЕ ПОБЕДЫ И СВЕРШЕНИЯ»- (Ресей-РАЕ), Ұлы Абайдың туған күніне арналған, Алматы қаласының мәдениет жылы аясында өткен дәстүрлі « Абай қуларына»
белсене атсалысқаны үшін Алматы қаласы Тілдерді амыту,
мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Халқаралық Абай қорының «Алғыс хатымен» марапатталды.(2020); Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және талантты астарға қолдау көрсету мақсатында өткен «Көркемсөз оқу берлері» қалалық байқауына белсене қатысқаны үшін Алматы аласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама 
Басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды. (2019);
 Шығармашыл жастардың ХҮ Халықаралық «Шабыт» фестивалін дайындау мен өткізуге сіңірген ерен еңбегі үшін Астана қаласы Мәдениет басқармасының “Алғыс хатымен” марапатталды (2012, 2018);
 

ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының 10 томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» 9 томындағы «Сәкен Жүнісов», «Қалихан Ысқақов» тарауларының авторы.(2009-2015ж). Жоғары оқу орындарының студенттері мен мектепке арналған «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі» атты оқулық ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бағдарламасы бойынша 2016 жылы жарық көрді. 2016-2019 жылдар аралығында 8-оқу құралының, 3 шетелдік монографияның, екі жүзден астам ғылыми мақалалардың авторы, оның 30 шақтысы шетелдік басылымдарда, Скопус журналдарында – 3 мақаласы жарық көрді.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының. іргелі ғылыми бағдарламасының жобалық жұмыстардың белсенді авторы,. Алматы қаласы әкімдігіне қарасты «Жауһар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» қоғамдық қорының, «Ел шежіре» қайырымдылық қорының жобаларының ғылыми кеңесшісі.
 

Оқиға категориялары