Құрметті аналар, қыз-келіншектер!

Сіздерді шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары.
Еліміздің сән-салтанаты мен оқу ордамыздың мерейінің үстем болуында, қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі бар.
Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.

"Сырдария" университетінің ректоры, п.ғ.к., доцент С.С. Дайырбеков

Оқиға категориялары