21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

«Мәдениет - ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші - зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс - тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен ұштасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік, рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет - адамзат тұлғасын деңгейіне көтеретін негізгі құрал.

Мәдениеттің өзекті бөлігі - өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер - қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Бұл халқымыздың бай мәдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қосып келе жатқан азаматтарды жұдырықтай жұмылдыратын мерейлі күн.

«Дизайн және өнер» факультетінің ұстаздары, студенттері Облыс, аудан көлемінде мәдени іс - шараларға белсене ат салысып жүр.

Осы мереке күні сіздерге мықты денсаулық, бақыт, молшылық, жалыны мол күш-жігер, ұмтылыстар, шығармашылық табыстар, жарқын да қызғылықты бастамалар тілеймін!
 

Оқиға категориялары