«Сахна қозғалысы» үйірмесі
- 1 view
«Саз және ән» кафедрасы «Сахна қозғалысы» атты үйірмемен жұмысын 2024-2025 оқу жылынан бастап ұйымдастырып, студенттермен жұмыс жасап келеді. Үйірме жетекшісі: PhD,аға оқытушы Д.К.Азизханова. Үйірмеге қатысушы студенттер жетекшіге өздерінің ризашылықтарын білдіруде. Үйірменің негізгі мақсаты: студенттердің сахнадағы бой түзеуі және өз-өзін еркін ұстауы, өз денесін басқаруы, төзімділікті, күшті, тұрақтылықты дамыту, би орындау кезінде эмоционалды экспрессивтілікті дамыту, студенттердің көркемдік қиялын, ассоциативті есте сақтау қабілетін, шығармашылығы мен бастамасын және ансамбльдік сезімін дамыту.