Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық шеңберінде 2024 жылдың 13 мамырдан 15 мамырға дейін профессорлық-оқытушылар құрамына және 6В04103- «Экономика», 6В04102- «Қаржы», 6В04101- «Есеп және аудит», 6В04104- «IT-менеджмент» және 7М04104- «Экономика» білім беру бағдарламаларының магистранттары мен студенттеріне, Өзбекістан Республикасы Наманган инженерлік-технологиялық институтынан «Экономика» және «Бухгалтерлік есеп және қаржы»  кафедрасының өкілдері Махмудов Тахиржон Олимжонович - э.ғ.д., профессор және  Собиров Отабек Олимжонович – э .ғ. к., доцент дәріс оқыды.
Наманган инженерлік-технологиялық институтының өкілдері ғылыми-зерттеу әдіснамасы және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру технологиясы бойынша семинар-тренингтер, қазіргі заманғы білім берудің технологияларын,  студенттердің сабақта оқытуда инновациялық әдістерін қолдану және аралас сабақтың инновациялық әдістерімен пайдалану  және «Білім берудегі инновациялық технологиялар мәселелері мен шешу жолдары», «Халықаралық ынтымақтастыққа интеграциялаудың тағы бір қадамы», «Жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың ауқымы кеңеюде» деген тақырыпта дәрістерін оқыды.    
Наманган инженерлік-технологиялық институтының профессор-оқытушылар құрамының келудің мақсаты - академиялық ұтқырлық шеңберіндегі ғылыми-педагогикалық тағылымдама, әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары білім сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Академиялық ұтқырлық шетелдік әріптес жоғары оқу орындарында білім алушылар мен оқытушылардың оқуы мен ғылыми қызметіне мүмкіндік береді, бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар - бұл ғылыми – білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алу, кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту, пайдалы тілдік практика алу, халықаралық мәдениетаралық топта оқыту және қарым-қатынас тәжірибесін алу.

Оқиға категориялары