«FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» республикалық ғылыми-практикалық конференция

2025 жылғы 11 сәуір күні «FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған республикалық ғылыми- практикалық конференция өтті. Конференцияға жас ғалымдар, магистрлер, докторанттар және студенттер қатысты. Университетіміздің ректоры, т.ғ.к., профессор Байболов Қанат Сейтжанұлы конференцияның ашылуымен құттықтап, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Пленарлық отырыста Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, SDU университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Әуезов атындағы зерттеу университеттерінің магистр, докторанттары, студенттері баяндама оқыды. Конференция аясында студенттер маңызды зерттеулерге тоқталып, өзінің эксперименталды жұмыстарымен бөлісті.

Конференция 5 секцияға бөлініп, жұмыс жасады.
- Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары: сын-қатерлер мен перспективалар;
- Цифрлық технологиялар және филология ғаламдану дәуірінде;
- Креативті индустриялар және ARTTECH: мәдениет пен өнердегі заманауи шешімдер;
- Қазіргі қоғамдағы экономика және құқық мәселелері;
- Дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулер.

Ғылыми-зерттеу жұмысы болашақ мамандардың университетте алған білімін, дағдысын жүзеге асыруға, дайындығын қалыптастыруға, ғылыми әдістемені, зерттеу тәжірибесін меңгеруге көмектеседі. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту олардың әлеуетін, ғылымның және техниканың түрлі көкейкесті мәселелерін шешуге пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық қатысушылар диплом, алғысхат, сертификаттармен марапатталды.
 

Оқиға категориялары