Мемлекеттік рәміздер күні

Шымкент қаласындағы «Тәуелсіздік» саябағында 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл жиынға “Шетел тілдері” кафедрасының 1-курс студенттері және кураторлары Арыстан Гүлжайна, Арысбаева Эльнора ұйымдастырып барды.
Жастарды отансүйгіш, патриот етіп тәрбиелеудің негізгі жолы – ұлттық рәміздерді насихаттау. Бұл орайда, елімізді, жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеу, патриоттық сезімін нығайту – әрбір азаматтың парызы! Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге тиіс-деп қала әкімі Сыздықбеков Ғабит Әбдіжаматұлы сөз сөйлеп, жастарға жігер берді.
Мерекелік жиынға зиялы қауым өкілдері, жастар, ардагерлер, түрлі этнос өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Алдымен, мерекелік алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасы ұлықталып, мемлекеттік әнұраны  шырқалды. Шара барысында қала өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.