"СЫРДАРИЯ" ұжымы түлектерді құттықтады

Жаңа Жетісай, №23(9104) 28 мамыр 2021 жыл
Аудандық қоғамдық-саяси газеті

Міне, тагы бір оку жылы аяқталып, соңгы қоңырау үні де сыңгырлады. Соңғы қоңырау үнінің өзіндік сиқыры бар. Бұл - балалық балдәуреннің бір белесі. Енді аз күннен соң емтихан науқаны аяқталып, мұгалімдер мен оқушылардың асыга күткен жазгы демалысы да басталады. Қолың жетсе, жазгы лагерьде жаңа достар тапсаң да, ауылда ана-әжеңнің жанына барып асыр салсаң да, алысқа ұзамай ата-анаңа қолғабыс етсең де айрықша қуаныш. Олардың арманы биік, көңілі алаң. Өйткені қорытынды аттестаттау, одан кейін ұлттық бірыңгай тестілеу һәм мамандық таңдау сияқты жауапты кезең күтіп түр.
Қоңырау үні Түркістан облысы, Жетісай, Мактаарал, Келес, Шардара аудандарында орналасқан білім ордаларында: №9 Д.Қонаев атындағы ЖОМ, №22 Яссауи атындағы ЖОМ, Ж.Сәуірбаева атындағы ЖОМ, №8 Алпамыс батыр атындағы ЖОМ, №14 Оңдасынов атындағы ЖОМ, №71 ЖОМ, №30 І.Жансүгіров атындағы ЖОМ, №35 «Болашақ» ЖОМ, Ғ Мұратбаев атындағы ЖОМ, №6 Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында, №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясында, №44 «Жаңа дала» ЖОМ, В.Комаров атындағы ЖОМ, №3 Ю.Гагарин атындағы ЖОМ, №12 ЖОМ, №31 М.Әуезов атындағы ЖОМ, №51 «Дәуір» ЖОМ, №32 Ш.Құдайбердіұлы атындағы ЖОМ, №21 Б.Майлин атындағы ЖОМ, №46 Ә.Қастеев атындағы ЖОМ, №48 Қ.Сатпаев атындағы ЖОМ, №39 «Асықата» ЖОМ, №43 «Қызыл таң» ЖОМ, №38 С.Асанов атындағы ЖОМ және тағы басқа мектептерде де керемет сыңғырлаған үнмен естілді.
Биылғы соңғы қоңырау - ерекше аталып өтті. Салтанатты шараларға жоғарыда атап өткен барлық мектептерге «Сырдария» университетінің ұжымы мен профессор-оқытушылар құрамы тегіс қатысты. Мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларды, мектеп ұжымын биылғы оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, ақтілектерін білдірді. 11-сынып оқушыларымөн кездесіп, университет жайлы түсіндіріп, жас түлектөрді оқуға шақырды. 
«Сырдария» университетінің ұжымы мектеп басшыларына, өздөрінің эмблемасы белгіленген футболкасы мен бас киімін сыйға тартты. Мектеп ұжымымен және мектеп бітіруші түлектермен естелік суретке түсіп, соңғы қоңырау мерекесіне катысып қайтты.
«СЫРДАРИЯ»-АҚПАРАТ
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.