ТӘУЕЛСІЗДІК ФОРУМЫ

Жаңа Жетісай, №53 (9134)

💾 PDF-нұсқа

Биыл елдігіміз бен мемлекеттігіміздің дамуындаты ерекше тұғырлы жыл болып отыр. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып, енді төртінші онжылдыққа қадам басудың алдында тұрмыз. Президентіміз Қ.К.Тоқаев өзінің биылғы халыққа Жолдауында aman көрсеткендей: «Тәуелсіздік - біздің ең қастерлі құндылығымыз». Бүкіл еліміз бойынша аталып өтіліп жатқан осынау ең ұлық мерекеміз - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығы біздің Мырзашөл өңірінде де, оның рухани қазынасына айналған бірегей оқу ордасы - «Сырдария» университетінде де өз жалғасын табуда. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында университетімізде 24-27 қараша күндері 4 күнге жалғасқан «Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде - ұлттық дамудың ұтымды жүйесін дамыту» атты халықаралық форум өтті.

Форумның алғашқы күні - 24 қараша, сағат 11:00-де «Тәуелсіз Қазақстан: заманауи білім әлеуеті мен жетістіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен ашылды. Конференцияны университет ректоры, философия докторы (PhD) Токмурзаев Бақыт Салманұлы ашты. Тәуелсіздікке арналған форумның ашылуымен шетелдік және отандық ғалымдар «Сырдария» университет ұжымын және оның басшылығын құттықтады. Атап айтқанда, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Кротт Иван Иванович (Ресей Федерациясы, Омбы), И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдырахманов Толобек Абылович (Қырғызстан Республикасы, Бішкек), Ташкент облысы Шыршық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Мухамедов Гафурджан Исраилович (Өзбекстан Республикасы, Шыршық), Тверь мемлекеттік университетың ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ирина Ольга Юрьевна (Ресей Федерациясы, Тверь), «Болашақ» университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы (Қазақстан, Қызылорда) және Акдениз университетінің процессоры, педагогика ғылымдарының докторы Омир Займоглу (Түркия Республикасы, Анталия) өздерінің ақжолтай құттықтаулары мен жылы лебіздерін білдірді.

Осыдан соң конференцияның ашылу жиынына қатысқан спикерлер баяндама жасады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей «Тәуелсіздік және білім беру кеңістігі» атты тақырыпта баяндама жасап, еліміздегі білім беру жүйесінің қалыптасуы, оның кезеңдері, жетістіктері мен проблемаларын ашып көрсетті. Ресей Федерациясының Омбы қаласынан қатысқан спикер, «Халық өнері жоғары мектебі» (академия) Омбы филиалының директоры Душкин Алексей Михайлович «Духовно-нравственный потенциал традиционного прикладного искусства» деген тақырыпта қызықты баяндама жасады. Конференция соңын «Сырдария» университетінің «Отан және шетел тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Мырзабай Балтабайұлы «Тәуелсіздік және «Мәңгілік Ел» идеясы: құндылықтары мен тағылымы» атты баяндамасымен түйіндеп, онда Тәуелсіздіктің мән-маңызы мен қадір-қасиетін, Тәуелсіздікке жету жолындағы қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық күрестерін, сондай-ақ Қазақстан халқының бүгінгі үлттық идеясы - «Мәңгілік Ел» идеясын, оның құндылықтары мен тағылымын жан- жақты ашып түсіндірді.
Конференцияны соңында қорытындылаған университет ректоры, философия докторы (PhD) Токмурзаев Бақыт Салманүлы оған қатысушыларға өз алғысын білдіріп, конференция жұмысына сәттіліктер тіледі.

«Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде - ұлттық дамудың ұтымды жүйесін дамыту» атты халықаралық форумның алғашқы күні (24.11.2021 жыл) түстен кейін сағат 15:00-де секциялық мәжілістер өтті. «Білімді цифрландыру - адами капиталды дамытудың қозғаушы күші» атты секциялық мәжілістің модераторы, философия докторы (PhD) Нұрбек Мұратбек Анарбайұлы болды. Секциялық мәжілісте педагогика, білім беру жүйесін дамытуға байланысты өзекті де маңызды мәселелер сөз болды. Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Доспанбетова Анара Шаймахановна «Болашақ мүғалімдердің цифрлық технологияларды қолдану қүзіреттілігін қалыптастырудың кейбір мәселелері» атты тақырыпта, Шыршық мемлекеттік педагогикалық институының педагогика ғылымдары бойынша философия докторы (PhD) Абдуллаева Гавхар Сапаровна «Инклюзивное образование студентов с инвалидностью в Узбекистане», Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Эргашев Шухрат Эргашевич «Туркестанская автономия - демократический путь развития государственности», «Сырдария» университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ахметова Гулнар Батырбекқызы «Онлайн оқыту жағдайында инфокоммуникациялық өзара іс-әрекетті ұйымдастыру», Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Тәңірбергенова Дәнетай Тәңірбергенқызы «Педагогика любви - педагогика великой степи», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Сәрсембин Үмбетхан Қуандықұлы «Алаш арыстары аңсаған тәуелсіздік», Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің философия докторы (PhD) Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы «Спорт үйірмелеріндегі жаттықтырушылардың шеберлігін жоғарылату әдістемесі», Ресей Федерациясынан педагог-психолог Остапенко Ольга Владимировна «Социально-психологические методы адаптации к ОНЛАЙН занятиям студенческой молодежи в условиях пандемии COVID-19», «Сырдария» университетінің философия докторы (PhD) Сейдинова Мөлдір Зикирқызы «Қазақстандағы инкпюзивті білім берудің тенденциялары» жене осы ЖОО-ның доценті, филология ғылымдарының кандидаты Авдонин Владимир Викторович «Демифологизация советской идеологии в прозе В.Н.Войновича» атты тақырыптарда баяндамалар жасады. Кейбір спикерлерге қосымша сұрақтар қойылып, оған жауап берілді. Мәжілістің соңын модератор қорытындылап, спикерлерге өзінің алғысын білдірді.
Осымен бір уақытта «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» атты секциялық мәжіліс өтті. Модераторы техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдасов Сазахан Аманүлы болды. Бұл секция бойынша да мәжілісте өте өзекті де маңызды мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, Қазақ үлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Баймахан Рысбек Баймаханұлы «К определению приведенных физико-механических свойств грунтов оползневого склона Коктобе города Алматы», Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Унербаева Зульфия Оралбайқызы «Қазіргі кезде мұғалімге қойылатын талаптардың өзгеруі», М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің философия докторы (PhD) Назарбек Үлжалғас Бақытқызы «Возможность использования техногенных отходов в качестве сырья для получения органоминеральных удобрений» Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тажигулова Альмира Ізбасарқызы «Презентация электронных учебников и методологии их разработки», «Сырдария» университетінің доценті, химия ғылымдарының кандидаты Ибраимов Шыназбек «Квант-химиялық есептеу әдістерінің аналитикалық химияда қолданылуы», осы ЖОО-ның доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Бердалиева Тилла Досымбекқызы «Формирование научного мировоззрения школьников в процессе обучения физике», осы университеттің Инновациялық ғылыми- зерттеу орталығының директоры, химия ғылымдарының кандидаты Қобланова Оңғаркүл Нүрмағамбетқызы «Ұстаздың беделі және оның кәсіби түрғыдағы біліктілік қасиеттері» және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, химия ғылымдарының кандидаты Шағраева Бибігүл Бекенқызы «Орта мектепте химияны қашықтан оқытуды жүзеге асыру» атты тақырыпта баяндамалар жасады. Баяндамашыларға қосымша сүрақтар қойылды. Соңында спикерлерге өзінің алғысын білдірген Сазахан Аманұлы мәжілісті қорытындылады.
Осы күні сонымен бірге «Қүқықтық, экономикалық аспектілер және цифрландыру» атты секциялық мәжіліс өтті. «Құқық жене экономика» кафедрасының үйымдастыруымен өткен бүл мәжілісті модератор ретінде заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ынтымақов Советжан Арғынбайүлы жүргізді. Мақсаты - экономиканың даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болған бүл секциялық мәжілісте де маңызды мәселелер көтерілді. Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қүрманалиева Эльмира Бахытжанқызы «Жылжымайтын мүлікті электрондық тіркеу тәртібі», «Сырдария» университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Жандарбек Бауыржан Абылқасымүлы «Актуальные проблемы защиты прав граждан при использовании цифровых технологий», университет профессоры, философия ғылымдарының докторы Ахметов Кумар Нургалиевич «Социальнонравственное и законодательно-правовое воспитание», Орталық Азия инновациялық университетінің доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Еркебалаева Венера Зейнуллаевна «Налоговый контроль: теория и методология», Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Абдуллина Лейла Марсовна «Цифровизация бизнеса: правовый аспект», Өзбек мемлекеттік аграрлық университетінің доценті Тулаганов Кутпиддин Зухриддинович «Экологические проблемы Средней Азии в XXI веке», Тәжік мемлекеттік заң, бизнес және саясат университетінің доценті Турдимуратова Парвина Мухамматовна «Концептуальные основы антикризисного управления в современной экономической науке» жене М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы Жарылқапова Гүлзағира Парменбаевна «Құқық қорғау органдары, прокуратура жене сот арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді қалыптастыру ерекшеліктері» атты тақырыптарда баяндамалар жасады. Спикерлерге қосымша сұрақтар қойылып, оған жауап берілді. Қатысушылар өте өзекті мәселелерді көтеріп, жоғары дәрежеде өткен секциялық мәжіліскеөзалғыстарын білдірді.
«Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде - ұлттық дамудың үтымды жүйесін дамыту» атты халықаралық форумның екінші күнінде (25 қараша) де өте қызықты да өзекті мәселелерді көтерген іс-шаралар өтті. Осы күні сағат 11:00-де «¥лт қайраткері, үлттық рухтың ұраншысы - Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл» атты вебинар болды. Вебинардың жүргізуші-модераторы «Сырдария» университетінің Ғалым- хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әбенова Ләззат Усманқызы. Алғашқы болып сөз алған белгілі қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ¥ҒА академигі Мырзатай Жолдасбеков өзінің Өзбекәлі Жәнібеков туралы жазған «Есте қалған естеліктерімен» бөлісті. Белгілі ғалым, мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің ешкім біле бермейтін кейбір мінез-құлықтары мен адами, ізгі қасиеттері жөнінде сыр шерткен ғалымның қызықты да тағылымды әңгімесі көпшілікті жақсы әсерге бөледі. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Құлбек Ергөбек «Өзбекәлі Жәнібеков - үлттық рухтың ұраншысы» атты баяндамасында көрнекті тұлғаның ұлт руханиятына сіңірген еңбегі мен оның тарихи маңызына тоқтады. Белгілі өзбекәлітанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Баян Адырбек «Этнограф, ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің ғылыми мүралары» атты баяндама жасап, онда түлғаның өмірі мен шығармашылық мүраларын, оның ғылыми, тарихи маңызын жан-жақты ашып берді. Көрнекті тұлғаның өз кіндігінен тараған немересі, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы қордың президенті Жәнібек Әзел Бауыржанқызы әйгілі атасының өмірі мен мұралары жайлы қызықты, тың деректермен бөлісті. Әзірет Сүлтан мемлекеттік қорық мүражайының Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Байболов Серік Қыстаубайүлы «Әзірет Сұлтан мемлекеттік қорық мүражайының экспозициясын жасақтауда Ө.Жәнібековтің сіңірген еңбегі» деген баяндамасында осы мүражайды тарихи жәдігерлермен жасақтаудағы ғалымның теңдессіз еңбегін сөз етті. Спикерлер кейбір қойылған сүрақтарға жан-жақты жауап берді. Соңында модератор қатысушыларға өз алғысын білдіріп, вебинарды қорытындылады.
Осы күні Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған форум аясында «Алаш идеясы жене Тәуелсіздік: сабақтастығы мен тағылымы» атты халықаралық «дөңгелекүстел» өтті.
«Дөңгелекүстелге» Қырғыз Республикасы Сыртқы Істер министрлігі Дипломатиялық академиясының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Курманов Зайнидин Карпекович, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Пасилов Баходир Абдуллаевич, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы Бәкір Әбдіжәлел Қошқарүлы, Ш. Уәлиханов атындағы тарихжәне этнология институтының Басғылыми қызметкері, тарихғылымдарының докторы, профессор Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы және Жетісай қаласындағы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының аға оқытушысы, ғылым магистрі, үздік оқытушы Молдадосова Аптынай Қайыпқызы қатысты. Сондай-ақ, «Сырдария» университетінің профессор- оқытушылары мен студент-жастары қатысқан бүл іс-шараны университеттің «Отан және шетел тарихы» кафедрасы (жетекшісі т.ғ.к., доцент Апашева Сәбира) ұйымдастырды. Халықаралық «дөңгелек үстелді» модератор ретінде «Филология жене гуманитарлықбілім» факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Мырзабай Балтабайұлы жүргізді.
Халықаралық «дөңгелек үстелді» ашқан модератор өзінің алғысөзінде тәуелсіздікке жету жолындағы Алаш қозғалысының тарихи маңызын, Алаш идеясының мәнін, оның жаңа заманға сай құбылып тарих сахнасына шығуын және тәуелсіздігімізді алумен алаш арыстарының арман-мұраты орындалғандығын қысқаша атап көрсетті. Қырғыз елінен қатысқан спикер З.К.Карпеков «Турар Рыскунов и Юсуп Абдрахманов: уроки дружбы и братства» деген тақырыпта баяндама жасады. Онда қазақтыңбіртуарұлы, белгілі мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов пен қырғыз халқының қайраткері Жүсіп Абдрахманов арасындағы шынайы достық қарым-қатынас, жалпы қазақ пен қырғыз халықтарының тарихтың сын сағаттарында бір-біріне жасаған туысқандық көмегі сөз болды. Өзбекстандық тарихшы Б.А.Пасиловтың «Туркестанская автономия и Алаш» атты баяндамасында Түркістан автономиясының құрылуының тарихи маңызы, оның алаш қайраткерлерімен қарым- қатынасы және жалпы түркі бірлігі мәселелері айтылды. «Мүстафа Шоқай тәуелсіз ұлттық мемлекет туралы» атты баяндама жасаған Ә.Қ.Бәкір осы ұлы қайраткердің ұлт мүддесі мен түркі бірлігі жолындағы күресін баяндап берді. Спикер сонымен бірге тәуелсіздік туралы өз ойларын да ортаға салды. Профессор А.И.Құдайбергенова «Қазақстандағы XX ғ. 20-30 жж. ашаршылық пен босқыншылық тарихына жаңа көзқарас» деген тақырыпта баяндама жасап, онда өткен ғасырдағы тарихымыздың ең қасіретті беттерін, қолдан жасалған голощекиндік ашаршылық пен босқыншылық проблемаларын кең көлемде тарқатып айтты. Ал спикер А.Қ.Молдадосова қазіргі таңцағы орта мектептерде Алаш қозғалысы тарихының оқытылуын және оның жетістіктері мен кемшіліктерін сөз етті. Соңында «Отан және шетел тарихы» кафедрасының жас оқытушысы Нүрмахан Шынтаев ел тәуелсіздігі мен алаш арыстары жөнінде өз ойларын ортаға салды.
Мемлекеттілігіміздің қайта жаңғырып, еліміздіңосындай бақытты күнгежетуіне Алаш арыстарының сіңірген еңбегі зор екендігін, елінің азаттығы мен болашағы үшін жан аямай күресіп, жандарын қүрбан еткен Алаш қайраткерлерінің күресі Отан тарихының төрінен орын алатын, тарихи маңызы зор оқиға болып табылатындығын айтқан жүргізуші, Алаш арыстарының бойындағы мемлекетшілдік пен үлттық рухы, отаншылдығы мен ұлтжандылығы, зор қажыр- қайраты мен күрескерлігі бүгінгі қазақхалқына, әсіресе жас ұрпаққа үлгі-өнеге болуы керектігін, Апаш тарихының тағылымы да осында екендігін айтып, парасатты байлам жасады. Осылайша өз мәресіне жеткен танымдық, тағылымдық бұл іс-шараға қатысушылардың отаншылдық, ұлттық рухын көтеріп, рухани ләззат сыйлады.
Осы күні сағат 15:00-де «Цифрлы экономика және бизнес» тақырыбында халықаралық «дөңгелек үстел» болды. «Сырдария» университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Ынтымақов Советжан Арғынбайүлы модератор болған бұл жиында маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, Тәжік мемлекеттік заң, бизнес жене саясат университетінің доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Самадов Рустам Исакович «Управление процессами формирования инновационного потенциала национальной политики РТ», Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Омирчиева Эльмира Маратовна «Проблемы правового регулирования цифровизации социально-экономических отношений в РК», Халқаралық бизнес университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Калиева Гульмира Садуакасовна «Государственное регулирование предпринимательской деятельности в РК», Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Жетісай аудандық филиалының басшысы Бапаев Талғат «Атамекен Кәсіпкерлер палатасының жаңа цифрлық дәуірдегі іс- әрекеті», М.Әуезов атындағы ОҚУ, Трансформация Кеңсесінің директоры Ачилов Нұрбек Тахирович «Перспективы и вызовы цифровизации экономики и бизнеса в регионах РК: от базовых знаний до профессиональных компетенций», «AZALA Cotton» ЖШС-нің қаржы директоры Байтилеуов Султан Сәбитұлы «Современное состояние конкуренции и конкурентоспособности в хлопководстве» жене «Сырдария» университетінің ғылым магистрі Бакиов Ержан Амангелдіұлы «Қазақстан Республикасындағы демографияның және еңбек әлеуеті көші-қонының қазіргі тенденциясы» атты тақырыптарда баяндама жасады. Кейбір қойылған сұрақгарға спикерлер нақты жауап берді. Соңында модератор қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады.
«Сырдария» университетінде өткен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған халықаралық форумның үшінші күні (26.11.2021) жас ғалымдар мен болашақ ғалымдарға берілді. Осы күні сағат 11:00-де «Таланттар фабрикасы» атты дарынды жастардың республикалық жас суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Көрме жетекшісі «Сырдария» университетінің аға оқытушысы, ғылым магистрі Тастеков Нұрбек Қалдарбекүлы болды. Көрмені үйымдастырудағы басты мақсаты - өскелең ұрпақтың адамгершілік- патриоттық сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, оқушылар мен студенттерді ұлттық құндылықтарымызға және мәдениетімізге баулу, өлкенің әсем табиғатын жанымен сезінетін жастардың шығармашылығын шыңдау, сондай-ақ жастардың жеке шығармашылығын дамыту, әрі кеңінен насихаттау болды.
Көрмеге Жетісай және Мақтаарал аудандарының мектептері қатысты. Атап айтқанда, Б. Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясынан Жайлығанов Ырзабек пен Мақсат Бишанов, Түркістан жалпы орта мектебінен Тажеуханова Айсұлу, Сыдықова Гулвира, И. Байзақов атындағы жалпы орта мектебінен Роза Жаңабаева.Түймебаева Гүлшат, №1 «Мырзакент» мектеп гимназиясынан Тамбаев Тұрсынбай, Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінен Айдауова Базаркүл, С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінен Қасымбекова Нұржамал және І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінен Қасымбеков Нүрболат өздерінің шәкірттерімен қатысып, қолөнер бұйымдарын көрмеге қойды. Сонымен қатар, көрмеге «Сырдария» университетінің «Бейнелеу өнері және сызу», «Кәсіптік оқыту» жене «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттері де өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Көрмеге келген жұрт оқушы жене студент жастар өз қолдарымен жасаған көздің жауын алатын өнер туындыларын, сурет картиналарын көріп тамашалап тамсанды, рухани ләззат алды. Шебер оқушылар мен студенттер көпшілікке өздері жасаған қолөнер туындыларын, суреттерін сипаттап, олардың тарихымен, жасалу ерекшеліктерімен таныстырды. Көрме соңында жетекшілерге сертификат жене сыйлықтар, ал шебер оқушылар мен студенттерге I, II, III дәрежелі дипломдар табысталды.
Осы күні «Syrdariya Science Contest» халықаралық жастар онлайн-слеті өтті. Онлайн-слеттің модераторы ретінде «Сырдария» университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы, Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, философия докторы (PhD) Небесаева Жанар Орынбекқызы жүргізді. Отандық және шетелдік жас ғалымдар қатысқан бұл жиында да өте өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқандай Қаз ¥ПУ-нің философия докторы (PhD) Уайдуллақызы Эльмира «Дүниежүзі жас ғалымдары платформасының дамуы», Шыршық мемлекеттік педагогикалық институтының философия докторы (PhD) Ахмедов Бекжан Аскаович «Новые тенденции развития цифровизации образования в высших учебных заведениях», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жас ғалымдар қауымдастығының төрайымы, философия докторы (PhD) Абдраимова Мөлдір Рашидқызы «Жас ғалымдар қауымдастығыныңжұмыс барысы», М.Әуезов атындағы ОҚУ Жас ғалымдар қауымдастығының төрайымы, философия докторы (PhD) «Тәуелсіздік құрдасы ел жетістігін еселеуде», Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінің философия докторы (РҺЮ)Жаникулов Нұрғали Надырұлы «Қазақстанда экологиялық таза стоматологиялық мырыш-фосфатты цемент алу технологиясын әзірлеу», «Сырдария» университетінің түлегі, қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Үлттық университетінің «Археология, этнология жене музеология» кафедрасының 2-курс докторанты Молдахмет Архад Айтжанұлы «Тұңғыш этнограф, ғалым Өзбекәлі Жәнібеков», Л.Гумилев атындағы Евразия Үлттық университетінің докторанты Мүхитов Орынбасар Мақсатұлы «Қазақстанда саяси биліктің қалыптасу кезеңцері» атты тақырыптарда баяндамалар жасады. Соңында модератор қатысушыларға өз алғысын білдіріп, онлайн-слетті қорытындылады.
«Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде - ұлттық дамудың ұтымды жүйесін дамыту» атты халықаралық форумның соңғы күні - 27 қараша, сағат 11:00-де «Syrdariya Sport» балалар спорт кешенінің ашылу салатанаты болды. Қазіргі кезеңце елімізде адами капиталды дамытуға үлкен көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Ол үшін халыққа сапалы білім ғана емес, мықты денсаулық та қажет. Ап дені сау ұлт қалыптастыруда спорттың маңызды орын алады. Сондықтан ел спортын дамытудың маңызы зор. Осы бағытта өзі де спорт ардагері болған академик Оңалбай Аяшев Жетісай қаласының ортасынан балаларға арналған «Syrdariya Sport» кешенін ашуының өңір спортын дамытудағы маңызы өте зор. Спорт кешенінің ашылуына еліміздің күрес спортының Қажымұханнан кейінгі алыбы, UWW Asia (Біріккен күрес әлемі - Азия) президенту педагогика ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Тұрлыханов Дәулет Болатұлы, Жетісай ауданының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, ҚР журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан, Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҮҒА академигі, Қазақстан Үлттық жаратылыстану ғылым академиясының вице-президенті Кәрімбек Құрманалиев, т.б. қатысып, өздерінің ақжарматілектерін білдірді.
«Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде - ұлттық дамудың ұтымды жүйесін нығайту» атты халықаралық форумды қорытындылау мақсатында «Үлттық дамудың үтымды жүйесін нығайту» атты «дөңгелек үстел» өтті. Оның модераторы «Сырдария» университетінің Президенті, Даму ғылымдарының философия докторы (PhD) Серік Оңалбайұлы болды. Тәуелсіздік форумын қорытындылаған бұл жиынды педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҮҒА академигі Оңалбай Аяшевтың өзі алғысөзбен ашты. Форумның қорытынды жиынында химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҮҒА академигі, ҚР Үлттық Ғылым академиясының Президенті Жұрынов Мұрат Жұрынұлы, Кембридж университетінің (Үлыбритания) профессоры, философия докторы (PhD) Сиддхарт Саксена, Оңтүстік Қазақган мемлекеттік педагогикалық университетінің Басқарма төрайымы - Ректор Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҮҒА академигі, белгілі қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қапбарова Айгүл Жарылқасынқызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан Төлепұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҮҒА академигі, Қазақстан Үлттық жаратылыстану ғылым академиясының вице-президенті Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы, Саффолк университетінің (Үлыбритания) профессоры, философия докторы (PhD) Дабабата Чоудхури, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ЖОО қауымдастығының президенті, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Өнер жене Петров академиясы ғылымдарының академии, ЖБ ФМББМ Омбы филиалы «Халық өнері жоғары мектебі (академия)» директоры Амиргазин Кайыртай Жакупович, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Мархабат Байғұт, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Елшібаев Ғалымжан Қамытбекүлы жене «Сырдария» университе- тінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ахметова Гульнара Батырбековна Тәуелсіздік форумының сәтті өтуімен құттықтап, «Сырдария» университетінің болашағына, университет басшылығы мен үжымына және студент-жастарына толағай шығармашылықтабыстартіледі.
Форумның соңында Ғалым-хатшы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әбенова Ләззат Усманқызы «Сырдария» университеті ұжымының Қазақстан ЖОО профессор-оқытушылары мен студенттеріне, Түркістан халқына Үндеуі жарияланды.

Мырзабай МЕЙІРБЕКОВ, «Сырдария» университетінің «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.


Тәуелсіздік форумының ҮНДЕУІ

Құрметті бауырлар!
Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Тәуелсіздігіміздің 30 жылы  баянды болсын! Жаңа жетістіктер жақсылыққа жетелесін!
Тұңғыш Президентіміз, Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болдық. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір Ел болып еңбек етіп жатырмыз. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезінуі. Оның басты құндылығы – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. 
Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы мен күні кеше жарияланған Елбасының «Елдіктің  жеті тұғыры» Үндеуі – мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын ауқымды стратегиялық құжат,  елдің саяси жаңғыруына жасалған сәтті қадам, тәуелсіз қазақ елінің кемелді келешекке деген көркем сенімі.
Қасиетті Жиделібайсында, Мырзашөлдің төрінде, алтын алқапты мақтаның отаны Мақтаралда, жарты ғасырлық тарихы бар  Жетісай   қаласында   орналасқан,  күнгейлі жастардың білім күмбезіне айналған «Сырдария» университеті заманауи  сұранысқа ие, бәсекелестікке қабілетті жоғары білікті мамандар даярлауда. 
Университет ширек ғасыр ішінде білім жүйесіне, еліміздің экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына сүбелі  үлес қосып келеді. Біз қаладан шалғайда орналасқан елді-мекендердің  жастары мен Өзбекстан Республикасында тұрып жатқан қандас бауырларымызды  білім нәрімен сусындатып жатқанымызды нық сеніммен айта аламыз, себебі біздің түлектеріміз мақталы аймақтың элитасын құрайды және еліміздің даму бағытының қалыптасуына атсалысып келеді.  Бұл - біздің маңызды нәтижеміз. 
«Сырдария» университеті - Түркістан облысындағы  аймақ тұрақтылығының кепілі. Университеттің өзі -  Тәуелсіздіктің жемісі.
«Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары мен студенттері Сіздерді Елбасы анықтап  берген «Елдіктің  жеті тұғыры»  мен Жолдауды қолдауға және белгіленген міндеттер мен іс-шараларды бірлесе атқаруға шақырады! 
Ұлы даланың жаңғыру мен жаңару жолындағы, жаңа кезеңіндегі биіктерін бірге бағындырайық!
 

Жаңа пікірді жазу

Ограниченный HTML

  • Рұқсат етілген HTML тегтер: <a href hreflang> <em> <strong> <cite> <blockquote cite> <code> <ul type> <ol start type> <li> <dl> <dt> <dd> <h2 id> <h3 id> <h4 id> <h5 id> <h6 id>
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
  • Web page addresses and email addresses turn into links automatically.