Кәсіптік практиканың орнықтыру конференциясы

«Сырдария» университетінде 4-курс студенттерімен 24 қаңтар 2022 жылы кәсіптік практикаға орнықтыру конференциясы ZOOM платформасында өтті.
Кәсіптік практиканың орнықтыру конференциясын универсиеттің «Гуманитарлық ғылымдар және заң»факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы практиканттарға өзінің ізгі тілектерін білдіре отырып ашты.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы филология ғылымдарының кандидаты. Абенова Лаззат Усманқызы, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ынтымақов Советжан Арғынбайұлы, «Өнер» кафедрасының меңгерушісі, доцент Сапарбаева Ұлданай Әлібекқызы өз ойларын айта келе, «Білім беру технологиялары» кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Файзиев Нұржан Сапарханұлы мен Таштауова Жанар Хандилдақызы көп жылдық тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге мектеп қабырғасына қадам басқаннан бастап, сол мектептің мұғалімі ретінде қалыптасып, бейімделіп кеткенше практикант нені білу керек екендігін тізбектеп айтып өтті.
Кәсіптік практика жетекшісі Күлайна Әліқұлқызы кәсіптік практиканың бұйрығымен таныстырды.
27 желтоқсан 2021 жылы № 255 ректордың бұйрығымен бойынша 4-курс студенттері жіберілді. Қазіргі таңда жалпы университет бойынша 120 мекемемен келісім-шарт түзілген жалпы 4-курс бойынша 360 студент кәсіптік практикаға жіберілді, оның 173-ші қалада, қалғандары 187 болашақ жұмыс орындарының сұраныс хат негізінде өз ауылдарына жіберілді.
Практика оффлайн форматта жүргізіледі.
 

Оқиға категориялары