Сұлу көктем немесе бүгінгі қазақ әйелінің болмысы жайлы
- 1 view
Мейірімді де жайдарлы, абзал да қадірлі, асыл жанды аналар, отағасының сүйеуі, отбасының тірегі болған келіншектер, тал шыбықтай бұралған аяулы қыздар. «Сырдария» университетінің ардақты, нәзік жанды оқытушы-профессорлары, Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
Мереке қарсаңында өздеріңізбен қазақ әйелінің болмысы және қазақ әйеліне тән қасиеттер жөнінде ой бөліскім келіп отыр.
Белгілі жазушы, пулицист Марат Қабанбайдың «Әйел кіндігінде әлем айналған» деген сөзі бар. Бұл сөздің мағынасы барлық дүние анадан жаратылған деген ойды береді. Йә... бүгінде жер басып жүрген жұмыр басты пенденің бәрі, оның ішінде өзіміз де ақ сүт беріп аялаған, түн ұйқысын төрт бөлген, мейіріммен әлемді әлдилеген бір-бір анадан жаралғанымыз хақ. Қарап отырсаңыз, қазақтың анасы бір-біріне ұқсас, бірінен бірі аумай қалған. Неге? Себебі, олардың түпкі ниеті бір, тілеуі ортақ. Сен мейлі даңқың алысқа кеткен данышпан боларсың, мейлі дүниенің бүкіл білімін меңгерген ғұлама боларсың, бәлкім, басбұзар бұзақы боларсың, бәрібір, аналар үшін, ең алдымен, тар өзегін жарып шыққан, тас емшегін иіткен баласысың, оған сенің амандығың керек. «Ер қайғысы етекте, бала қайғысы – жүректе» деген мақал осындайдан қалған-ау шамасы.
Сондай бір иман жүзді, таза ниетті, ақ жүректі Аналардың бірі - Есенкүл Сейілқызы. «Сырдария» университетінің, ауданның мақтанышына айналған ерекше жан, болмысы бөлек парасат иесі – отбасында да, қоғамдық қызметте де, ғылымда да, білім ошағын басқаруда да өз табиғатына тән асыл қасиетінен еш өзгермейтін Ана. Себебі, Есенкүл Сейілқызының бойындағы адалдықты, тазалықты, қатар жүрген әріптестері болсын, оның қамқорлығындағы шәкірттері болсын жанымен түсініп, еркін сезінеді.
Қазақ қыздарының ішінен өзіне тән биікті бағындырып, үлкен белестерден өткен Есенкүл Сейілқызымен «Сырдария» университетінде қызметтес бола жүріп, осы парасатты жанның өмірлік тәжірибесін, қадір-қасиетін, тазалыққа құштарлық ниетін, кеңінен ұғынып, тағылымы мен ғибратқа толы ізгілікті істеріне куә болдым.
Қазақ тілінің жанашыры, ұлы ақын Абай шығармашылығын өміріне азық еткен нәзік жан еңбек жолын қарапайым зертханашылықтан бастап, оқытушы, доцент, жоғары оку орнының басшысы, құрылтайшысы дәрежесіне дейін көтерілді.
Университет жанынан ашылған профессор Бөрі Исаның жетекшілігіндегі ұлт-аспаптар оркестрі мен алғашында «Томирис» кейін «Назерке» бишілер тобының жаңғырып, жаңарып әшекейлі, әдемі ұлттық киіммен киелі сахна төрінен жарқырауы – ибалы жанның өнерге деген құрметінің жарқын белгісі болып табылады.
Есенкүл Сейілқызы көзінде ғылымға деген ұшқыны бар әрбір студенттің ғылыми жұмыспен айналысуына көңіл аударып, жыл сайын өтетін ғылыми-теориялық, тәжірибелік конференциялар мен «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары» сияқты конкурстар өткізуге ұйытқы болып, өнегелі, өнерлі, білімді студенттерге қамқорлық көрсетіп отыруы. Студенттердің тұрмыс жағдайына қарай университетішілік гранттардың бөлінуі, жастардың бойындағы инабаттылық пен ибалылықтың сақталуы үшін тәрбие жұмыстарының қарқынды жүргізілуі де ауылдан келген жастардың қала өміріне елігіп, жаман жолға түспесін деген аналық, ұстаздық ақ тілегі.
Есенкүл Сейілқызының басшылығымен жылда өткізілетін, дәстүрге айналған «Сырдария аруы», «Қыз сыны» сияқты байқаулар ешқашан бір-біріне ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. Байқауға қатысушыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, жоғары деңгейде талап қойып, тың ойлар мен жаңа идеялардың тәжірибе жүзінде іске асуына үлкен үлес қосып келеді.
Адам өмірінің мазмұны оның ұзақтығымен емес, өзгеге жасаған жақсылығымен, парасаттылығымен, артына қалдырған өшпес ізімен, тазалыққа құштарлығымен мағыналы болатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Өйткені, адам баласының негізі, әрі басты мұраты өзі өмір сүріп отырған қоғамға, сол қоғамда өмір сүріп жатқан жандарға қызмет етуі арқылы өлшенеді.
Осындай ізгі мақсатқа өзінің бар ғұмырын, қажыр-қайратын, дарын-талантын, еңбегін арнап келе жатқан Есенкүл Сейілқызы барды бағалайтын, адалға ақ, асылға тақ бола алатын мінезімен қадірлі.
Ұлттық сипат, ұлттық болмыс тұрғысынан келсек те, қазақ ұғымында әйел адамның бейнесі қашанда жақсы қасиетпен айшықталатыны белгілі. Ойлап қарасақ, шынында өмірде қасиетті адамдар аз емес. Тек оны көретін көкірек көзің, таза ниетің болсын.
Бүгінгі қазақ әйелінің бейнесін білікті ұстаз, қамқор басшы, адал дос, сүйікті жар, мейірімді ана, сыйлы әріптес атанған Есенкүл Сейілқызының бойынан көре аламыз.
Ол бүгінгідей жаһандану заманында ұлтты, тілді, тәрбиені сақтау үшін талмай еңбек етіп, әрбір айтқан сөзімен, мінез-құлқымен, жүріс-тұрысымен қазақ қоғамына, соның ішінде қазақ қыздарына үлгі бола бермек.
Ләззат Абенова
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет