ЫНТАЛЫ ЖҮРЕК
- 1 view
Осы біздің ақылымыздың өсіп жетілмей, өнбеуі, айналамыздағы өнегелі өмірдің шырайын кіргізер ғибратты оқиғалар мен даналықтың дәнін егер даналы сөздер мен әңгімелерден тұла бойымыздың тітіркеніп, тұшынып, ғибрат ала алмауынан болса керек. Тәлімді тәрбиеден хабар берер әрбір рухани қазынаға қол жеткізгенде, көңілде қуаныш, жүректе жұбаныш орнайтын болса, онда біздің өнбей, шөлдеп-шөліркеп тұрған ақылымызға - су құйып, нәр бергендей болмақ.
Мұны Шәкәрім атамыз жырмен былайша өрнектейді:
"Ақыл деген - денеге егулі дән,
Суғарылса кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп зораймағы
Көрген, білген нәрседен ғибрат алған.
Есітіп, біліп, көз көріп, ойға салмақ,
Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ"- деп түйіндейді.
Расында біз естіп, біліп көрген нәрселерден ғибрат алып, ойға салмақ салмасақ, өткен өмірдің өнегесі мен адамдардын жасаған ізгі амалдары үлгісіз бейне бір мәнсіз оқиғалар ретінде көрінеді.
Бұл жайында Абай атамыз естіген нәрсені ұмытпастықтың төрт түрлі себебін көрсеткен 31-ші қара сөзіндегі екінші себебін былайша баяндайды: "...сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек"- дейді, міне бізге жетпей тұрған құндылық та осы. Ғибратты сөздерді іздемейміз, рухани сұхбаттарға асықпаймыз, іздеп бармаймыз, тап болып қалсақта ынтамен зейін қоймаймыз. Абай атамыздың "Ынталы жүрек сезген сөз, Бар тамырды қуалар" - дегенін ескермейміз. Жүректі руханиятқа ынталандырмай, тамырымызда ізгіліктің нұры ақпайды, тамырды қуаламайды. Ізгілік нұры жоқ қан, жүректің кірін қалай тазаласын.
Сондықтанда мойындауымыз керек, оқиғалардан тәрбиелік мән іздей бермейміз. Іштегі бос тұрған рухани кеңістікті толтыруға талпынбаймыз. Неге талпынбаймыз, неге ұмтылып қажетсінбейміз, ондай сөздерді құлағымыз неге бөтенсиді десек, Абай атамыз бұған да жауап беріп кеткен екен.
"Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей". - деп диагнозын дәл қояды.
Демек ондай сөзге құмарлық, руханиятқа құштарлық, сөз танырлық қасиеттің даруы бала кезден қалыптасуы керек екен. Отбасы ошақ қасында, баланың сөз ұғарлық шағынан бастап, құлағының құрышын қандырар руханияттың дәндерін санасына егіп тастау қажет екен. Егілген дән шөлдемей тұрмайды. Шөлдеген дән қашанда суаруды қажетсініп, рухани сұхбаттарға асығып, іздеп тұрады. Сондықтан да баланың түпкі санасына әртүрлі жеміс берер дәндер мен көшеттерді отырғызып, болашақ өмірінің миссиясын айқындап беруіміз қажет-ақ!
Автор: Нұржан Сапарханұлы
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу