"Музыкалық білім" кафедрасы сіздерді оқуға шақырады!

«Музыкалық білім» кафедрасы

6В01402-Музыка мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды.

“Музыкалық білім” кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасының халыққа білім беру, мәдениет салаларында қызмет жасайтын білікті мамандарды және болашақ әнші-күйшілерді даярлауда аянбай еңбек етіп келеді.

Кафедра мүшелері жалпы музыкалық білім және музыкатану ғылым салалары бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыстар жүргізуде. Сонымен бірге студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасайды. “Музыкалық білім” кафедрасына қарасты кабинеттердің барлығы дерлік тиісті әдістемелік оқулықтармен, көрнекі құралдар, аспаптар, және жиhаздармен жабдықталған.

Кафедра мүшелері бірнеше оқу, оқу-әдістемелік құралдар, кредиттік технология жүйесіне негізделген оқу-әдістемелік кешендер (силлабус), пәндердің әдістемелік нұсқаулары, лекция жинақтары, ОСӨЖ мәтіндері мен электронды оқулықтар т.б. әдістемелік құралдар құрастырды. Кафедраның барлық оқытушылары шығармашылық жұмыстармен айналысады және әртүрлі деңгейдегі Республикалық, халықаралық, облыстық, фестивальдардың лауреаттары.

Сонымен қатар профессор Бөрі Исаның «Желтоқсан», «Алтын аймақ мекенім» атты ән-күйлер жинағы, «Жиделі Байсын», «Мерекелік күй», «Сағыныш», «Наурыз тойы», «Жеңіс жолы» атты күй-поэмалары Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жетекші оркестрлердің репертуарларынан орын алып отыр.

Алғаш халық оркестрі болып құрылған «Жетісай сазы» ұлт-аспаптар  оркестрі соңғы 20 жылдан бері Жетісайдағы «Сырдария» университетінің «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы студенттері мен оқытушылардың біріккен тобымен жемісті жұмыс істеп келеді.

“Музыкалық білім” кафедрасының барлық оқытушылары “Жетісай сазы” ұлт-аспаптар оркестрінің мүшелері. Кафедра мүшелері факультет, университет, аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралардың барлығына белсене қатысып өз үлестерін қосып келуде.

«Музыкалық білім» білім беру бағдарламасын бітірген түлектер қазіргі таңда Қазақстанның Білім және ғылым саласының дамуына өз үлестерін қосуда. Атап айтар болсақ, Ахтанова Салтанат Көбейбекқызы педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тан» кафедрасының доценті, ал Жораева Әсия Бахадырқызы ҚР мәдениет қайраткері, Шардара саз мектебінің директоры. Тян Ирина Корей Халық Демократиялық Республикасының Пхеньян қаласында өткен халықаралық «Апрель көктемі» фестивалінің, Ербол Қалмырзаев облыстық «Арай» эстрадалық ән байқауының, Әсел Мырзахмедова «Мырзашөл әуендері» эстрадалық ән фестивалінің лауреттары.

 «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасын бітірген түлектер қазіргі таңда Қазақстанның Білім және ғылым саласының дамуына өз үлестерін қосуда. Осы аталған жетістіктің барлығы да кафедраның шығармашылық білімі жағынан кемелденіп келе жатқандығын көрсетеді.

Сілтемелер:

https://www.facebook.com/SirdariyaUniversity/photos/a.181468579915792/353032719426043/

https://www.instagram.com/p/CDk4GHohygj/

https://youtu.be/A66Kjxb8Bbw