Түрік дипломаты Ташенев университетінде
- 1 view
Халықаралық ынтымақтастыққа жаңа қадам
2025 жылғы 18 сәуірде Жұмабек Ахметұлы Ташенев атындағы университетте Қазақстандағы Түркия Республикасының Бас консулдығының білім жөніндегі атташесі мырза Айхан Коркмаз ресми сапармен қонақта болды.
Сапар аясында университет басшылығымен кездесу өтті. Ректор Канат Сейітжанович Байболов университеттің білім беру бағдарламалары мен жетістіктерін таныстырып өтті. Тараптар білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Айхан Коркмаз университеттің негізгі нысандарын – коворкинг-орталықты, кітапхананы, Жасанды интеллект орталығын, студенттік ғылыми-зерттеу клубын, «Дизайн» кафедрасын және Tashenev Union студенттік клубын аралады.
Сапар барысында қос дипломды білім беруді дамыту, студенттер мен оқытушылар үшін академиялық ұтқырлықты кеңейту, Түркия университеттерімен бірлескен тағылымдамалар мен алмасуларды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Бұл сапар серіктестік байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып, университет студенттері мен оқытушылары үшін халықаралық деңгейде жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады.