Білім мен инновация тоғысқан ашық сабақ
- 1 view
07.03.2025 ж. «Экономика және басқару» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Г.Ж.Жасан ИЭФ-22-2к тобының студенттерімен «Экономикалық ақпараттық жүйесіндегі жаңа технологиялар» пәні аясында «Жасанды интеллект негіздері және оның экономикада қолданылуы» тақырыбында практикалық ашық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге жасанды интеллекттің (ЖИ) негізгі қағидаттарын түсіндіру және оның экономикадағы қолдану аясын көрсету болды. Г.Ж.Жасан студенттерге ЖИ-дің даму кезеңдері, машиналық оқыту, нейрондық желілер және үлкен деректерді талдау әдістері туралы толыққанды ақпарат берді.
Практикалық сабақ барысында студенттер ЖИ технологияларын экономикалық процестерде қолдану бойынша нақты мысалдармен жұмыс істеді. Олар деректерді талдау және болжау модельдерін қолдана отырып, қаржы саласындағы тәуекелдерді бағалау, тұтынушылардың сұранысын болжау және бизнесті автоматтандыру сияқты тапсырмаларды орындады.
Сабақ барысында интерактивті талқылаулар ұйымдастырылып, студенттер ЖИ-дің бизнеске тигізетін ықпалы, оның артықшылықтары мен шектеулері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, ЖИ-ді енгізу кезінде кездесетін қиындықтар мен этикалық мәселелер қарастырылды.
Оқиға категориялары
Жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
✅ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет