Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне бару

2024 жылдың 18 ақпан күні «Дизайн» кафедрасының тәлімгері Калабаева Қызбала Райымбековна және кафедра аға тәлімгері Рахимов Бабур Фархадовичтің ұйымдастыруымен ПиК 24-1к2, ПиК 24-1к3 топтарының студенттері Шымкент қалалық саяси қуғын - сүргін құрбандары музейіне барып қайтты. 
Музей Қазақстан Республикасында саяси бағыттағы қуғын - сүргін тақырыбына арналған алғаш ашылған музейлердің бірі. Музей үш залдан тұрады: Экспозициялық зал; «Тағзым» залы; Кино залы.
Бастапқыда музей қоры 2500-ге жуық экспонатпен ашылған болса, қазіргі таңда музей қорында 16347 экспонат жинақталған. 
 Студенттерге мұражайдың барлық эскпонаттары жайлы музей экскурсоводы толық ақпарат беріп, әрбір экспонатқа жеке тоқталды. 
Сонымен қатар студенттер музейдің арнайы кинозалында қуғын-сүргін  және ашаршылық туралы деректі фильм тамашалады.
 

Оқиға категориялары