«Томирис» қыздар клубы

2024 жылдың 13 желтоқсанында «Педагогика және бастауышты оқытудың әдістемесі» кафедрасының профессоры п.ғ.д. Досбенбетова Анара Шаймахановнаның бастауымен құрылған «Томирис» қыздар клубы бір жыл бойы өткізілген дөңгелек үстелдер мен іс-шаралар бойынша есеп беру іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шарада клуб мүшелері бір жылдық жұмысының нәтижелерін қорытындылап қана қоймай, бірінші курс студенттерін клуб мүшелігіне қабылдады.
Бір жылдық жұмыс қорытындысы бойынша өткізілген дөңгелек үстелдер мен іс-шаралардың тақырыптары жүйеленіп, толық ақпараттар жинақталды. Осы ақпараттардың негізінде кафедра ұжымының "Қазақ қыздарының тәрбиесі: ұлттық коды және қазіргі заман" атты монографиясы жарық көрді.
Сонымен қатар, «Томирис» қыздар клубының жобасы аясында білім алушылар республикалық олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
 

Оқиға категориялары