Педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибе

Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеттің 2-курс студенттері Республикалық Дарын мектеп-лицейі базасында оқу бағдарламасы мен үрдісіне сай мамандықтарына байланысты педагогикалық-психологиялық іс-тәжірибеден өтті. Студенттердің іс-тәжірибесі жоғары оқу орындарында теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады.
Іс-тәжірибе барысында студенттер бекітілген мұғалімдердің жетекшілігімен сабақтарға және сынып жетекшілердің сыныптан тыс жұмыстарына қатысты, практика кезінде жасалынатын оқу-тәрбиелік жұмысының өзіңдік жеке жоспарына сәйкес жұмыс атқарды. Мектеп психологымен ұйымдастырылған тренингке қатысып, тәжірибелерін арттырды.
Өздеріне берілген уақыт ішінде жетекшілік еткен сыныптағы жекеленген оқушыларға және сынып ұжымына психологиялық-педагогикалық мінездеме жасады, есеп беру құжаттарын дайындады. Мектепте қорытыңдылаушы педагогикалық кеңес өткізілді.
2-курс студенттері біздің мектеп қабырғасында өткен іс-тәжірибе барысында іскерлік пен дағдыларын және өздеріне деген сенімділікті арттырды. Болашақ ұстаз ретінде әрбір студент балаларға деген сүйіспеншілік, олармен жұмыс істеуге ынта-ықыласын, педагогикалық шеберліктерін шыңдай түсті.
Оқу-тәрбие үдерісіне елеулі үлес қосып, ерекше белсенділігімен танылған студенттер мектеп директоры Ибрагим Ботагөз Жақыпқызының атынан Алғыс хатпен марапатталды!
Ұстаздық жолын бастаған білім алушыларға сәттілік тілейміз!
 

Оқиға категориялары