"Дін философиясы" ашық семинар
- 1 view
«Ж.А. Тәшенев атындағы университет» АҚ «Экономика және құқық» факультеті «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы ғылы магистрі Қожабеков Нұржігіт Абубәкірұлы 05-желтоқсан күні 6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 2-курс 23-5к,12,13 тобына «Философия» пәнінен "Дін философиясы" тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі т.ғ.к., қауым.профессор
С.Н.Апашева, ғылым магистрі, аға оқытушылар Турумбетова Гүлжан, Таубаев Сейтхан, Момынқұл Нұрай қатысты.
Сабақ барысында білім алушылар әлемдік негізгі ірі діндердің атауымен үш топқа бөлінді. Топтың аттары: «Ислам діні», «Христиан діні», «Буддизм діні». Сабақтың өтілу жоспарымен топтар мен студенттер таныстырылды.
Әр топ басшылары топ мүшелерімен өз топтарының атауы яғни Ислам дінінің, Христиан дінінің, Буддизм дінінің шығу тарихымен ерекшеліктері сондай ақ қасиетті кітаптары мен діни мерекелерінің маңыздылықтары және наным-сенімдері мен дін басыларының қызметтерінің айырмашылықтарын жан-жақты зерделеп жеткізе білді. Топ студенттері сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып әр топ өздеріне діни тақырыптарда қызықты болған сұрақтарын қойып дұрыс жауаптарын алып отырды. Сонымен қатар әлемнің саяси картасынан әр діннің қай материктерде қаншалықты және қандай мемлекеттер қай дінді қабылдағаны және қанша пайыз көрсеткіштерімен атап көрсете білді. «Дін философиясы» туралы толық ақпаратпен қамтылды.
Оқытушы өз сабағында жұптық, топтық жұмыстар жүргізді. Студенттерді топқа бөліп, тапсырмалар орындады. Оқу әдістемелік құрал жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер, плакат, дүниежүзінің саяси картасы, презентация, ноутбук, интерактивті тақтамен жұмыс жасады. Сабаққа студенттер белсене қатысты. Студенттердің қызығушылығын оятып, түрлі әдіс – тәсілдерді қолдана білді. Алдағы уақытта тек ізденістер, биік белестер тілейміз!
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет