Ашық сабақ

Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультетінде «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасында 11.12.2024ж  педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ирметов Уткир Абдурасуловичтің жетекшілігімен Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту әдістемесі пәнінен 4 курс ПИК-21-5к1,2 топтарына «Мазмұн мен тілді біріктірілген оқыту (CLIL) — қосымша тілді пайдалана отырып, пәнді меңгеру тәсілі» сабақты ұйымдастырудың аралас түрі» тақырыбында ашық сабағы  болып өтті. 
Сабақтың мақсаты – Әрқайсысына бірдей мән бере отырып, оқушылардың ана тілінде де, оқытылатын тілді де меңгеру деңгейін арттыру. Мәдениетаралық түсіністікті дамыту. Әлеуметтік және ойлау қабілеттерін дамыту. 
 

Оқиға категориялары