"Сырдария" университеті ұжымының Қазақстан ЖОО профессор-оқытушылары мен студенттеріне үндеуі
- 1 view
Құрметті Қазақ елі!
Елбасы бастаған тарихи кезеңдегі бет бұрыс баянды болсын! Жаңа жетістіктер жақсылыққа жетелесін!
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауы – елдің саяси жаңғыруына жасалған сəтті қадам.
Сындарлы диалог пен ашықтық – мемлекетті өркениет тілікке бағыттайтын басты темір қазық.
"Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" саяси формуласы мен "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы – мемлекет тұрақтылығының іргетасы.
Билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналған бұл құжат – тəуелсіз Қазақ елінің кемелді келешекке деген көркем сенімі.
Қасиетті Жиделібайсында, Мырзашөлдің төрінде, алтын алқапты мақтаның отаны Мақтааралда, жартығасырлық мерейтойын тойлағалы отырған Жетісай қаласында орналасқан "Сырдария" университеті заманауи сұранысқа ие, бəсекелестікке қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлайды.
Бұл оқу ордасы – күнгейлік жастардың білім күмбезі. Ал жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің тірегі, мемлекеттің ең белсенді бөлігі.
2020 жылдың Волонтер жылы болып жариялануы жастарға ерекше серпін сыйлады. Ерікті түрде қайырымдылық жасау, өзгеге сəуле сыйлау – адамгершіліктің ең асыл үлгісі.
"Сырдария" университетінің профессороқытушылары мен студенттері сіздерді Жолдауды қолдауға жəне белгіленген міндеттер мен ісшараларды бірлесе атқаруға шақырады!
Ұлы даланың жаңғыру мен жаңару жолындағы жаңа белестерді бірге бағындырайық!
18.10.2019 жыл
Түркістан облысы, Жетісай қаласы, "Сырдария" университеті
Оқиға категориялары
?"Zan" деректер қоры ? Tilqural.kz ? Tilalemi.kz ? Balatili.kz ? Emle.kz ? Termincom.kz ? Sozdikqor.kz ? Qazcorpora.kz ? Qujat.kz ? Tilmedia.kz ? Atau.kz ? Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет
Жаңа пікірді жазу