Хамраева Розалина Талипжанқызы
- 1 view
6В01400-Тарих мұғалімдерін даярлау
Мен мектепте он бір жыл оқыдым және осы мерзім аралығында менің тұлғалық ерекшеліктерімді айқындаған көптеген мұғалімдер сабақ берді. Олардың әрқайсысы менің жүрегімде ерекше із қалдырып, менің болашақ өмірілік жолымды анықтауға жәрдем берді.
Қазіргі таңда көптеген мамандық түрлері бар және кез-келген адамның алдында өз өмірін қандай кәсіп түрімен байланыстыру мәселесін шешуші күрделі таңдау тұрады.
Университетте жүріп менің меңгерген дүниетаным мен ұстанымдарымның бірі - жұмыста «ешкімге зиян тигізбе, нұқсан келтірме». Себебі маған әрбір оқушының жан дүниесі сеніп тапсырылған.
Бүгінгі күнде балалардың бойында агрессивтілік, мазасыздану және сенімсіздік сияқты көріністер белең алуда. Ата-аналардың отбасылық қаржылық жағдайларын жақсартуға талпынып, өз балаларына көңіл аударудың азаюынан балаларда қиындықтар туындайды. Жете назар аударылмаған балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық қорғаныс ретінде агрессия, тұйықтық, қыңырлық, қорқыныш сияқты эмоционалды және мінез-құлықтық әрекеттерін қолданады.
Маманы ретінде ең бастысы баланың қоршаған ортаға бейімделе білуіне және қоршаған ортамен жағымды қатынас жасай білуіне көмек беру қажет деп ойлаймын. Өйткені, адамның бүкіл өмірі - бейімделуден тұрады. Өмірге келген сәттен бастап көз жұмғанша заман мен қоғамда болып жатқан жағдайларға бейімделу үдерісінде боламыз. Біздің әрқайсысымыз әлеммен өзара қатынас жасай отырып, осы жағдайларда өзімізді қолайлы, жайлы сезінуіміз қажет.
Сондықтан, баланың мәселелі сәттерін жеңіп шығуына жәрдем беруде ата-аналардың педагогтармен өзара қарым-қатыныста болуы жақсы жаққа бұрылудың маңызды факторы болып табылады. Тек тиімді бірлескен жұмыс ғана оң нәтиже береді.
2023 жылы Ж.Ташенев университетін бітіргеннен бері өз мамандығым бойынша қызметтімді жоғары дәрежеде атқарып келемін. Менің осындай білімді, білікті маман болып қалыптасуыма өздерінің үлесін қосқан Ж.Ташенев университетінің ұжымына алғысымды білдіремін.
Мен таңдаған мамандығым өмірде менің қызығушылықтарым мен армандарымды іске асыруға жәрдем берді, яғни адамдарға өмірлік мәселелерді шешуде көмек көрсетіп, оларға жылы сезімдер сыйлау арқылы өзімнің құндылығым мен қажеттілігімді сезіне аламын.
Біздің балаларымыз өмірлік ситуациялардан қорықпай, батыл жеңіп өтіп, өзара түсіністік пен жетістікке талпынуы қажет. Осы қызмет жолында оңды нәтижелерге қол жеткізіп, барлығы жақсы болатынына сенімдімін. Себебі, мен балаларды жақсы көремін және солардың қызығушылықтарын, мәселелерімен өмір сүремін.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет