Талқы мазмұны – талап, тәртіп, тәрбие

Университетіміздің ІТ құқық және экономика факультетінде арнайы мәжіліс өтіп, оған университеттің әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын қатысты.
Мәжілісте кафедра меңгерушілері бірінші курс студенттерін топтарға бөлу, белсенді студенттер ішінен топ басшыларын бекіту жұмыстары бойынша есеп берді. Білім алушыларға бекітілген аға тәлімгерлер оқу, білім беру процесі мен тәрбие жұмыстары барысындағы қолға алынған тәлімгерлік іс-шаралар жөнінде мағлұмат берді.
Жиын барысында топ басшылары, пән оқытушылары, тәлімгерлер студенттердің сабаққа қатысуын қадағалау, бақылау, тексеру жұмыстары жөнінде ақпар берсе, университеттің шаруашылыққа жауапты құрылым жетекшілері, жатақхана коменданттары студенттердің жатақханаға орналасу ахуалын, жатақханада бекітілген тәртіптің орындалуын, кезекшілік кестесінің сақталу жағдайын, тәрбие сағаттарын ұйымдастыру жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ мәжіліс барысында бірінші курс студенттері мен университетке басқа оқу орындарынан ауысып келген студенттерге жоғары оқу орнында қабылданған ішкі ережелерді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мәжіліске қатысушылар Tashenev University-дің 25 жылдығын атап өту мәселесін талқылап, «Үздік тәлімгер» конкурсын өткізу бастамасы жөнінде ұсыныс-пікірлерін білдірді.
 

Оқиға категориялары