Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі
- 1 view
Қазақ қашанда қызын сыйлаған, құрметтеп, тең көріп, еркелете ерке өсірген дана халық емес пе?!
Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни, қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.
2023 жылдың 14 қыркүйек күні Ж.Ташенев университетінде гендерлік саясат және қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған қызбалалар арасында өткізілетін кездесу орын алды.
Гендерлік саясат — қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.
Қоғамдағы қыз баласының жағдайы ұлт болашағының көрінісі. Қызының құқығы тапталған, ар-намысы сақталмаған ұлттың болашағы бұлыңғыр. Бүгінгі қыз ертеңгі ұрпақтың анасы, тәрбиешісі. Ендеше қызымызды еркін әрі есті етіп өсіру ертеңіміздің жарқындығына кепіл болмақ.
“Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі” атты кездесу өте өзекті әрі маңызды мәселелерге арқау болды. Кездесу барысында спикер ретінде Шымкент қаласы Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльеонора Ағабекқызы, №11 қалалық емханасының гинекологі
Егизбаева Айжан Нурлановна, №3 қалалық емханасының психологы
Избасарова Алия Ансагандыковна, Шымкент қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасының Еңбекші аудандық әйелдерді қорғау аға инспекторы полиция аға лейтенанты
Төребай Әсел Ермаханқызы баяндама оқыды. Өздерінің мотивациялық ой-пікірімен бөлісті. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша шебер сынып өтті. Әрбір спикер өз саласы бойынша жас қыздарға кәсіби маман ғана емес, шынайы жанашыр әпкесі ретіндегі кеңестерімен бөлісті.
Кездесу барысында студенттер көкейінде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, кәсіби мамандардан кеңес алды.
Кездесу өте танымды әрі өзекті мәселелерге толы болды.
Ж.А. Тәшенев университеті, Педагогика және бастауышты оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, PhD Атем М.Н.
Оқиға категориялары
►"Zan" деректер қоры ► Tilqural.kz ► Tilalemi.kz ► Balatili.kz ► Emle.kz ► Termincom.kz ► Sozdikqor.kz ► Qazcorpora.kz ► Qujat.kz ► Tilmedia.kz ► Atau.kz ► Abai.institute.
2021-2022 оқу жылында жүргізілген сауалнамалар
✅ Сауалнама «Білім алушылардың ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруға қанағаттануы»
✅ Сауалнама «ЖОО-дағы оқытушыларды ҒЗЖ тарту»
✅ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
✅ «ПОҚ-тың жоғарғы оқу орнына қанағаттануы»
✅ «Білім алушылардың білім беру нәтижелеріне қанағаттануы»
✅ «ЖОО білім алушыларының өздеріне көрсетілетін қолдау қызметтеріне қанағаттануы»
✅ «Оқытушы студент көзімен» сауалнамасы
✅ Жұмыс берушінің түлектердің дайындық сапасына қанағаттануы сауалнамасы
☑ Университетте жүргізілген анкеталық – сауалнама туралы мәлімет