Жұмыс жүйесі жіктелді

Бүгін Tashenev University биылғы оқу жылының алғашқы Ғылыми кеңес мәжілісін өткізді. Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Ғылыми кеңес отырысын жүргізіп отырған университет ректоры Қанат Байболов қатысушыларға жаңадан толықтырылған оқытушы-профессорлық құрамды таныстырып, сапалы білім мен саналы тәрбие жұмысын бірігіп еңсеретініне сенім білдірді.
Жиында жаңа оқу жылының басталуына орай білім беру процестерін ұйымдастыру, тәрбие жұмыстарын жоспарлау, ғылыми бағыттағы іс-шараларды белгілеу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, оқу корпустарының дайындығы, бірініші курсқа қабылданған білім алушылардың оқу процестерін үйлестіру, студенттерді жатақханаларға орналастыру жайы, оқу ғимараттарының қысқа дайындығы сараланды.
Университетішілік құрылымдардың жұмыс бағыттарын жоспарлау, оқу- білім процестерінің кестесін бекіту, ғылыми жарияланымдар мен әдістемелік құралдарды шығару жұмыстарын үйлестіру, білім беру бағдарламаларын аккредитациялауға дайындық жүргізу жайы да бүгінгі кеңестің басты тақырыптарына айналды.
Оқу корпустары мен зертханалық кешендердің, жатақханалардың, кітапханалар мен асханалардың материалдық-техникалық жабдықталуын қадағалау тапсырылды.
Университет басшылығы ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан берілген тапсырмалардың уақытылы, әрі сапалы орындалуы басты міндет екенін айтып, бұл мәселені тікелей өз бақылауына ұстайтынын жеткізді.
 

Оқиға категориялары