Мамыт Амангелді Алтыбайұлы

Мамыт Амангелді Алтыбайұлы

факультет деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

✆ Телефон: +7 702 596 6830

✉ E-mail: k-filolog@tashenev.edu.kz


 

   Мамыт Амангелді Алтыбайұлы 1965 жылдың 10 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты: қазақ. 
   1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданындағы  «Восход» орта мектебін бітірген.

   1990 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультеті тамамдап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  оқытушысы біліктілігіне иеленді.
   Филология ғылымдарының кандидаты. 1998 жылы ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының мамандандырылған ғылыми кеңесінде ф.ғ.д. профессор Ш.Ыбыраевтың жетекшілігімен «Шора батыр» жырының поэтикасы» деген тақырыпта   диссертация қорғады. 
   Қызмет орындары: Қарағанды мемлекеттік медицина институты (1990-1999), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (1999-2006), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (2006-2008), Аймақтық әлеуметтік-иновациялық университеті (2008-2012), ОҚМПИ (2012-2023), 2023 оқу жылынан Ж.Тәшенев университеті «Филология» факультетінің деканы.
     Отбасылық жағдайы: жұбайы, бір қыз және екі ұлы бар.
      Жарық көрген еңбектері:  
1.Ел қорғаны – ер Шора. Оқу құралы. «Нұрлы әлем» баспасы, Шымкент 2001ж.
2. Абайтану. Оқу құралы. «Әлем» баспасы, Шымкент 2013 ж. 
3. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Оқу құралы. ОҚМПИ шағын баспасы, Шымкент 2016 ж. 
4. Жыраулар поэзиясының өлең өрнектері. Оқу құралы. ОҚМПИ шағын баспасы, Шымкент: 2017
5. Ұлттық шешендік өнер. Оқу-әдістемелік құрал. «Әлем» баспасы, Шымкент 2017 ж. 
6. Рухани қазына (фолькорлық мұраларды зерттеу). Монография. «Әлем» баспасы, Шымкент 2018 ж. 
 

Оқиға категориялары