СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 03-наурыз күні "2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы" профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер белсенділеріне таныстырылып, талқыланды.
"Құқықтану" кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ынтымақов С.А. заңнамалық өзгерістер мен жемқорлықпен күрестегі жаңа тәсілдерге, Концепцияның құрылымы мен негізгі бағыттарына тоқталып, әр тармаққа кеңінен түсіндірме берді.
Жиынға «Сырдария» университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, педагогика ғылымдарының докторы Аяшев О.А. қатысты. Оңалбай Аяшұлы сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке, қоғамға және білімге тигізетін зиянын ескертті. Білім алушылардың сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарына қатысты сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ұсыныс-пікірлерін айтып, жастар болашағы бар - сыбайлас жемқорлығы жоқ мемлекетті қолдайтындарын білдірді.
 

Оқиға категориялары